COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

106310

Выздоровевших

111953

Зарегистрированных случаев

3628

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1825

Летальных случаев

Образование

Облыстық білім басқармасының басшысы Зауре Байменова оқу үдерісі жайын баяндады

Сақтық шарасы үшін дензинфекциялау құралдарын сатып алуға 30,5 млн теңге бағытталған айтты

Биылғы оқу жылының бірінші тоқсаны тәмамдалып қалды. Облыс мектептеріндегі білім беру үдерісі жоспарлы режимде өтуде. Жаңа жағдайында оқыту үдерісі бірнеше бағыт бойынша жүргізіледі. Бұл жайлы облыстық білім басқармасының басшысы Зауре Байменова мәлімдеді.

Қыркүйктің 30-ғы жағдай бойынша 493 мектептің бесеуі жекеменшік. Оқушылардың 20%-ті штаттық режимде жұмыс істейді.

– Бастауыш сыныптарда ата-аналардың өтініші бойынша қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, толымдылығы 15 адамға дейінгі топтарға бөлумен, кезекші сыныптар жұмыс істейді. Бүгінгі күні осындай форматта жалпы контингенті 24 855 оқушы немесе төменгі сыныптардың әрбір екінші оқушысы 49 223 бар 2016 сынып жұмыс істейді, – деді Зауре Байменова.

Санитарлық шаралардың жай-күйіне де тоқталды. Жалпы еліміз бойынша мектептер мен балабақшаларда коронавирустық инфекциямен сырқаттанудың жиырма бестен астам фактісі тіркелген.

– Ғимараттың кіре берісінде және шығар жағында күн сайын медицина қызметкерлері барлық қызметкерлерді және оқушыларды жанаспайтын термометр, қолдарын және аяқ киімдерінің табанын өңдеу арқылы таңертеңгі өңдеуден өткізеді. Барлық білім беру ұйымдарында дезинфекциялау құралдарымен сыныптарды ылғалды тазалау күніне кемінде 2 рет жүргізіледі, апта сайын барлық үй-жайларды толық тазалау жұмысы жүргізіледі, әрбір сабақтан кейін оқу кабинеттері мен дәліздер желдетіледі.

Оқуды штаттық режимде ұйымдастыру үшін ағымдағы жылдың мамыр айында облыстық бюджет қаражатынан білім беру ұйымдарына жеке қорғаныс құралдары мен дензинфекциялау құралдарын сатып алуға 30,5 млн теңге бағытталған болатын, – деді басқарма басшысы.

Облыстық мәслихат сессиясында қосымша 206,5 млн теңге қаржы бөлінгендігін атап өтті. Ол ақша дезинфекциялау құралдарына яғни, санитайзерлер, аяқ киімге арналған дезинфекциялау кілемшелері, жанаспайтын термометрлер, ауа рециркуляторлары, кварц шамдары, антисептиктер, деохлор сатып алуға жұмсалған. Қаражаттың осы көлемі 2021 жылғы қаңтарды ескере отырып есептелген.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті ұсынған орталық


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77