Культура Новости

Облыстық «Достар» лигасының чемпионы анықталға әзілге толы кешке жиналған көпшілік жоғары көңіл-күймен тарқасты

Финалға өткен төрт команда өздерінің үздік әзілдері мен әртістік шеберліктерін паш етті

Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда «Достар» облыстық КВН лигасының финалы өтті. Өнерлі жастарға арналған лигаға басында 22 команда қатысқан болатын. Солардың ішінен суырылып, финалға өткені 4 команда.

Бұл командалар А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің командасы «DENDY», «Қостанай ауданының құрамасы» командасы, Қамысты ауданының командасы «Час пик» және «Починки».

«Достар» лигасының финалы «Амандасу», «СТЭМ», «Музыкалық номер» деп аталған үш конкурсы бойынша өтті. Осы конкурстарда өздерінің өткір әзілдерін ортаға салған жастар жиналған көпшілікке жоғары көңіл-күй сыйлады.

Аталмыш ойынды тамашалауға қаламыздың жастары көп жиналды. Солардың ішінде гуманитарлық колледждің студенті Алтынай Кәрімжанды сөзге тартқанымызда, ол бізге былай деді:

– Менің ойымша финал өте тартысты да қызықты өтті. Жалпы, финалға тек іріктеуден өткен мықты командалар ғана жолдама алады ғой. Сондықтан болар олардың бүгінгі әзілдерінің сапасы өте жоғары екенін байқадым. Командалардың мұнда үлкен дайындықпен келгендерін көріп те қуанып қалдым. Өнерлі жастардың әзілі жарасып жатты. Ең бастысы олардың кө пшілігінің бойындағы әртістік дарынды байқауға болады.

Осы кеште көпшілікке ерекше көңіл-күй сыйлаған өнерлі жандарға үлкен алғысымды білдіремін.

Жастардың әзілдерін арнайы құрылған әділ қазылар алқасы саралап, лайықты деген командаларға бас жүлдені табыс етті. Олардың шешімімен ойын соңында қыздардың ішінде «DENDY» командасының ойыншысы Дарина Калимжанова «Үздік әртіс» атанса, ер балалардың арасында «Үздік әртіс» деп «Починки» командасының ойыншысы Байболат Сегизбаев танылды.

Ойын қорытындысында 3 орынды «Қостанай ауданының құрамасы» командасы иеленсе, 2 орынға Қамысты ауданының командасы «Час пик» жайғасты. Ал «Пончики» командасы «Достар» лигасының чемпионы атанды. Өнерлі де әзілқой жастарды осынау жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77