Социум

Облыстық мешітке Құрбан айт намазына 3 мыңға жуық жамағат жиналды

Мешіт қызметкерлері қалталы азаматтардың қолдауымен екші, қой, түйе еттерін қаламыздағы 100-ден астам аз қатылған отбасыға тарататын болады

Биыл шілденің 9 жұлдызына тура келген Құрбан айт мерекесінде Қостанай облыстық мешітіне 3 мыңға жуық жамағат жналып, Құрбан айт намазын оқыды. Осыдан кейін құрбандық шалып, оның етін көмекке зәру жандарға таратып беру жұмыстары басталды.

Облыстық мешіттің қызметкерлері алдын ала хабарлағандай, құрбандық шалу қаламызда «Амиго» кишечник офлайн режимде, сонымен қатар qurban.kz сайты арқылы онлайн түрде жүзге асырылып жатыр.

Қол-аяғы сау, еңбек етуге жарамды, қаражаты, жағдайы бар адамға құрбан шалу міндет етіледі. Құрбан айттың басты мақсаты қайырымдылық таныту. Құрбандыққа шалынған малдың етін иесі өзінде қалдырып, өзі ғана жеуіне болмайды. Құрбан малдың еті көмекке зәру жандарға таратылуы парыз.

Осы орайда, Құрбан айт намазына қатысу үшін арнайы облыстық мешітке барғанымызда, мешіттің наиб имамы Әбдіқахар Садықұлымен жолығып, тілдескенімізде:

-Құрбандық шалуға тек Құрбан айт намазы оқылғаннан кейін ғана рұқсат етіледі. Биыл Құрбан айт намазына жамағат көп жиналды. Намаздан кейін олар өздері жоспарлағандай құрбан шалуға кірісті. Бүгінде құрбан шалу үшін толық жабдықталған «Амиго» кешенінде он шақты қасапшы қызмет етіп жатыр. Олардың тек сойып берулері 3000 теңге, ал егер тапсырыс беруші малдың ішек-қарынын тазартып, терісін үйіткізетін болса олда, бұл қызметтерге 500-ден 1000 теңге төлейді. Сондай-ақ онлайн режим арқылы да мешіт қызметкерлерінің көмегімен құрбан шалып, етін көмекке зәру жандарға тарата алады. Бұл сайттың да жұмысы дұрыс жолға қойылған.

Ал егер құрбан шалатын адам жеке, жер үйде тұратын болса, өзінің ауласында құрбандық шалуына рұқсат тілген. Бірақ бұл арада құрбан малды құбылаға қаратып, құрбандық дұғасын оқып барып шалу керек. Егер дұғаны білмейтін болса, мешіттен имам шақыртуына болады. Бұл қызмет үшін имамдар құрбан шалушының өзінің бергенін ғана алады. Ең маңыздысы құрбан шалудың басты қағидаларын ұмытпау қажет.

Үш күн Құрбан айтта облыстық мешіт қайырымдық жасауды ұйғарған қалталы азаматтардың көмегімен ешкі, қой, түйе сойып, етін қаламыздағы көмекке зәру 100-ден аса отбасыға тарататын болады.

Сондай-ақ жылда «Амиго» кешеніне келіп құрбан шалған жандар бізден қаламыздағы көп балалы, аз қатылған отбасыларының мекен-жайларын сұрап, өздерінің көмектерін көрсетіп жатады.

Исламдағы ең үлкен мереке Құрбан айтта қолынан келгенше мұсылман қауым бір-біріне көмектесіп, Алла разылығы үшін ізгі істерді көп жасауы қажет,-деді.

Барша мұсылманның ұлық мейрамы Құрбан айт қабыл болсын!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Суретті түсірген Лариса БОЖКО

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77