Культура

Тарихи-өлкетану музейі көпшіліктің рухани байып, білім көкжиектерін кеңейтетін орын

Мұнда Қазақ спорт және туризм академсиясының ғылыми-зерттеу институтының экскурсоводы-әдіскері Бақыт Оразымбетова арнайы келді

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген туризм қызметкері, Қазақ спорт және туризм академиясының ғылыми-зерттеу институтының экскурсовод-әдіскері Бақыт Оразымбетованы қонақжайлықпен қарсы алды.

Қазақстанның үздік экскурсоводы Бақыт Қамалқызы Қостанай облысының бай тарихи-мәдени мұрасымен танысу мақсатында музей ішін аралап шықты. Мұндағы құнды жәдігерлермен танысып, музейдің мол мұрасына қызығушылығын танытты.

-Музей ісінің білгірі Батық Қамалқызының біздің ұжымға атбасын бұруы үлкен қуанышты жағдай болды. Ол кісіге қолымыздағы құнды дүниелерді көрсетіп, Қостанай жерінің тарихынан терең мәліметтер бердік. Көненің қадірін білетін жан тарих қойнауында қалған дүниелерге ерекше зер салды. Музейдің жергілікті тұрғындардың назарына ұсынып отырған жәдігерлерін көріп, таңданысын жасырмады, – дейді музей қызметкері Бақытгүл Мұратбекова.

Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейі көпшіліктің жиі бас сұғып, онда қойылған құнды жәдігермен танысып, рухани байып, білім көкжиегін кеңейтетін орын десек артық айтпаған болармыз.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77