Рухани ордаға ҚР Құрметті журналисі Сәлім Меңдібаевтың жеке мемориалдық жиынтығы табыс етілді
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры белгілі журналист Сәлім Тоқмырзаұлы Меңдібаевтың жеке мемориалдық жиынтығымен толықты.
Көрнекті журналист 1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Ақсуат ауылында дүниеге келген. 1971 жылдан 2016 жылға дейін «Қостанай таңы» газетінде 45 жыл қызмет атқарды.
Сәлім Тоқмырзаұлы Қазақстан Республикасы Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ҚР Құрметті журналисі, Қостанай облысы әкімі сыйлығының және Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының иегері, «Әскери ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.
Музей қорына Сәлім Тоқмырзаұлының фотосуреттері, құжаттары, кітаптары, марапаттары мен жеке заттарын жұбайы Дәметкен Қабашева әкеліп табыс етті.
-Ең алдымен қаламы өткір, шешен тілді, білімді де білікті журналист ағамыздың қымбат бұйымдарын музейімізге әкеліп тапсырған Дәметкен Қисметденқызына зор алғысымызды білдіреміз. Журналистің қолданған құнды дүниелері жастардың ерекше қызығушылығын тудыратынына сеніміз мол. Орақ тілді, мінезі байсалды Сәлім Тоқмырзаұлының артында журналастикаға ден қойған жастарға үлгі боларлық мол мұра қалды. Біздің музейде ол кісінің құнды еңбектері мен жәдігерлері сары алтындай сақталатын болады,-дейді аталмыш музейдің ғылыми хатшысы Назима Оташева.
Алдағы уақытта қала тұрғындары бұл құнды жәдігерлермен етене таныса алады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77