Онда оқушылар өздерінің көркем сөз оқудан шеберліктерін көрсетті
Бүгін Еласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туғанына 178 жыл және Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың ашылғанына 135 жыл толуына орай облыстық «Ыбырай оқулары» байқауы болып өтті.
Аталмыш шараға өңіріміздің барлық ауданыдары мен қалаларынан жергілікті байқаудан жеңімпаз атанған оқушылар қатысты. Барлығы 25 қазақ тілінде оқитын шәкірт Ыбырай атамыздың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды.
Байқау «Өлең сөздің патшасы» (6-7 сынып оқушылары) және «Қарасөз шебері» (8-9 сынып оқушылары арасында) деп аталатын екі кезең бойынша өтті. Биыл бұл байқау екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдерін жаттап, үлкен дайындықпен келген балалардың өнерін әділ қазылар алқасы бағалады.
Шара барысында, облыстық білім басқармасының қазақ тілі мен әдебиеті секторының меңгерушісі Жанар Ташетованы сөзге тартқанымызда, ол:
– Бұл байқаудың басты мақсаты қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін және ағартушы-педагог, ақын-жазушы Ы.Алтынсариннің шығармаларын насихаттау, оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетіне деген ықыласын артыру мен еліміздің рухани бірлігін нығайту мақсатында өтіп отыр. Мұнде келген шәкірттердің бәрі жыл сайын әртүрлі байқауларға қатысып, өздерінің білімдерін, өнерлерін көпшілікке танытып жүр. Сондықтан да байқау жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың ерекше дайындығы сезілді.
Сондай-ақ болашақта бұл байқауды орыс мектептерінің оқушыларының арасында да өткізуді дұрыс деп санаймын. Ұлы ұстазымыздың мәнді де мағыналы өлеңдерін барша ұрпақ жатқа білгенін қалаймын, – деді.
Шәкірттердің өнерін тамашалауға жиналған көпшілік дән риза болды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77