Жастар саясатын қаржыландыру 40%-ға артты
Жастар жылына бағытталған шаралар ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына әйкес жүзеге асырылып жатыр.
Елбасы Жастар жылын жариялап, ашып берген күннен бастап ауқымды жұмыстар атқарылуда. Қостанай облысы әкімі бекіткен Жастар жылының жоспары жүйелі жүргізілуде. Ол жоспарлы жұмыстарға Жол картасы жастар жылының аясында қол жетімді білім беру мен дарындыларды қолдау, жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, патриотизмді нығайту, этносаралық келісімді берік ету көзделген.
– 2019 жылы мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру 40% -ға артып, 307 млн теңгені құрады. Облыстық бюджеттен 128 млн және 178 млн қала мен аудандардан құрап отыр. Қоғамдық маңызы бар жобаларды қаржыландыру көлемі 30% -ға артып, 65 млн теңгеден асты, ол 2018 жылы – 49,5 млн теңге болған еді – деді Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Марат Жұрқабаев.
Біздің өңірімізде де мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 106 жоба жүзеге асырылуда, оның 11-і басқарылатын, 95-і қалалар мен аудандар әкімдіктерінің бөлімдерінде жүзеге асады.
Сонымен қатар, облыстық жастар ресурстық орталығының қолдауымен 6 жоба бар. 2019 жылдың 1 маусымындағы есебі бойынша Басқармалар мен жастар ресурстық орталықтарында 349 іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында облыстың барлық 20 өңірінде жастардың қатарын кеңейту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында ақпараттық анықтау тобы арнайы аралады. Онда жастардың шамамен 3000-ға жуығы қамтылды. Ақпараттандыру тобына оқу орын қызметкерлері, жас кәсіпкерлер, Алтын кітап лауреаттары, еріктілер тобы қосылды. Олар, жастар жылына арналған ірі жобаларды іске асыруды жалғастыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндап насихат жүргізді.
–2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жастардың 2868 өкілі жұмысқа орналасуға көмек алды. Бастау-Бизнес жобасының аясында 258 адам кәсіпкерлік негіздеріне үйренді. Біздің облыста, сондай-ақ елімізде «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы ойдағыдай іске асырылуда. Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап 4 310 жас маман ауылға барып, 4,7 млрд теңгеден астам сомаға әлеуметтік қолдау алды. 2019 жылдың басынан бері бағдарламаға 104 жастар өкілдері қатысты, – дейді Марат Кенжебекұлы.
Сондай-ақ, сәуір айында университет түлектері, соның ішінде «Серпін 2050» бағдарламасы бойынша оқитын аймақтық бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шараға жұмыс берушілердің 80-нен астам өкілдері, жұмыспен қамту агенттіктері, бизнес құрылымдары мен жастар ресурстық орталықтарының қатысуымен 1400-ден астам адам қатысты.
Сағыныш Ибрагим
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77