Біздің Қостанай

Қоныс тойы тойланды

Жерлестеріміздің қуанышында шек жоқ

Өткен жылы жарық көрген Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» деп аталатын үндеуі баршаның көңілінен шығып, үлкен қолдау тапқаны белгілі.

Мұнда көтерілген әлеуметтік тақырыптар жерлестерімізді ерекше қуанышқа бөледі. Міне, осындай бастамалардың бірі- «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» деп аталады.

Осы бастаманың арқасында көптеген баспанасыз жүрген қостанайлықтар жаңа пәтерлерге қол жеткізіп, отбасының бақыты шалқи түсті.

Әсіресе, пәтер алсам деп қаржы жинаған жас отбасылары үшін аталмыш бастаманың көмегі өте зор болды десек қателеспеген болар едік. Жоғарыда баяндалған үндеудегі тұжырымдарға тоқталып кеткенді орында деп есептеймін.

Мәселен, онда: «Біз соңғы жылдары қазақстандықтардың баспана алу мүмкіндіктерін кеңейту үшін көп нәрсе жасадық.

2017 жылы 11,2 миллион шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.

Бұл – рекордтық көрсеткіш. Дегенмен, оның өзі жеткіліксіз, әлі күнге дейін көптеген отбасы баспанасыз жүр.
Бұл – айрықша әлеуметтік маңызы бар мәселе.

Оның шешімін тұрғын-үй ипотекасының қалың көпшілікке жаппай қолжетімділігін арттыру арқылы табуға барлық жағдай жасау керек.

Жұмыс істейтін әрбір қазақстандық төмендегідей шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болады.

Несие өсімінің мөлшерлемесі қазіргідей 14-16 емес, жылына 7 проценттен аспайтын болады.
Қазір банктер бастапқы жарнаға баспана құнының 30 процентіне дейін, кейде тіпті 50 процентін салуды талап етсе, бұл бағдарлама бойынша ол 20 проценттен аспауға тиіс.

Несие алушының ай сайынғы төлемін азайту үшін оның мерзімі 10-15 емес, 25 жылға дейін болады.
Ол үшін Ұлттық банктің, екінші деңгейлі банктер мен қор нарығының мүмкіндіктерін іске қосу керек.
Ұлттық банк кемінде 1 триллион теңге қаржы тартатын арнайы компания құрып, ол қаржыны банктердің жоғарыда айтылған шарттар бойынша беретін жаңа ипотекалық несиелерін сатып алуға жұмсауы қажет.
Бағдарламаны жүзеге асыру тұрғын-үй құрылысына зор серпін береді.

Нәтижесінде миллиондаған қазақстандық үшін баспана алудың қолжетімділігі артады.
Сонымен қатар, бұл экономиканың, шағын және орта бизнестің өрістеуіне жұмыс істейді, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Көптеген азаматтардың арманы ақиқатқа айналады» делінген.
Қазіргі таңда әңгімеге арқау болған үндеудегі баспана мәселесі өзінің шешімін табуда. Үстіміздегі жылы да өңірде қаншама жаңа үйлер салынбақ.

Ақмойыншақ БАЛҒАБАЙҚЫЗЫ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77