Сондай-ақ, Федоров ауданындағы екі мектепке Абай мен Ыбырайдың есімдері беріледі
Қостанай қаласындағы Василий Чекмарев атындағы көшеге көрнекті қоғам қайраткері Орал Мұхамеджановтың аты берілетін болды. Облыс әкімдігінде өткен мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депуттаттар аталған ұсынысты бірауыздан қолдады.
Айта кетейік, Қостанай қаласы әкімдігі атына 2019 жылғы 30 қазанда зиялы қауым өкілдерінен және бір топ депутаттар атынан ұсыным хат жолдаған еді. Аталған мәселе 14 қарашада өткен Қостанай қаласы мәслихатының тұрақты депутаттары комиссиясының бірлескен отырысында қаралып, бастама бірауыздан қолдау тапқан. Енді бұл ұсыныс Үкімет тарапынан да мақұлданды.
– Көшені қайта атау туралы облыс әкімдігінің ұсынымы ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның отырысында қаралып, толықтай қолдау тапты. Облыс әкімдігінің бірлескен қаулысымен облыстық мәслихаттың шешімі жобасына мүдделі органдардың және Әділет департаменті келісімдерін алу бойынша барлық процедуралар жүзеге асырылды. Бірлескен қаулы мен шешім жобасын мәслихаттың сессиясында бекітуге ұсынып отырмыз, – деді облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Гүлжан Мендекинова.
Сондай-ақ, Федоров ауданындағы Димитров атындағы №1 орта мектепке Абай Құнанбаевтың атын, №2 орта мектепке Ыбырай Алтынсариннің есімін беру ұсынылды. оны мәслихат депуттаттары бірауыздан қолдады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77