Кітапхана қызметкерлері тұрғындарға жадынамалар таратты
Н.Островский атындағы қалалық кітапханасының қызметкерлері орталық саябақта қала тұрғындары үшін «Заң – баршаға ортақ» флаер-акциясын өткізді. Кітапханашылар Конституция туралы, қай жылы қабылданғанын, қандай өзгерістер енгізілгенін айтып берді. ҚР Конституциясына арналған буклеттер, бетбелгілер, «Қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік» жадынамасын таратты. Онда кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігінің ерекшеліктері аталып өтілді.
Акцияның маңызды нәтижесі Конституцияның біздің мемлекет үшін қаншалықты маңызды екенін және заңдарды білу ғана емес, сонымен қатар орындау, лайықты азамат болып өсу, аға буыннан бізге жеткенді көбейту қаншалықты маңызды екенін түсіну болды.
– Еліміздің Конституцияда бекітілген заңды құрметтеу баршаның міндеті деп білемін. Қоғамда көптеген заңбұзушылықтың салдарынан жазықсыз жандар жапа шегіп жатады. Сондықтан заң бұзудың артында үлкен қылмыс жатқанын қала тұрғындары сезінсе екен дейміз. Осыған байланысты заңды сақтап, ешкімнің өміріне қауіп төндірмеңіздер деген ескертпелерді тараттық, – дейді кітапханашы Батокөз Дүйсембаева.
Заң баршаға ортақ. Темірдей тәртіп тек заңды сақтағанда ғана қалыптасатынын ұмытпайық. Ал тәртіп бар жерде бұзақылыққа, қылмысқа жел берілмейді.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77