Бұл қаламыздың 140 жылдық мерейтойы қарсаңында жасалып жатыр
Үстіміздегі жылы сүйікті де көркем қаламыз Қостанайдың 140 жылдық мерейтойы аталып өтпелмек. Осы күнге орай шаһарымызда оң өзгерістер орын алуы.
Қала орталығының сәнін ашып, ажарын кіргізу мақсатында – 10 жыл жөндеу жасалмаған Алтынсарин көшесінде орналасқан Орталық саябақтың кіре берісіндегі аркасы ерекше кейіпке енбек. Осы жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 80 млн теңге бөлінген.
Мұнда жөндеу жұмыстары 1 сәуірде басталып кеткен. Бүгін де ол қарқынды жүріп жатыр. Алдағы уақытта саябақтың кіре берісінің көркі әдемілене түсетіні белгілі. Оның бұрынғы жартылай доңғал қалпы сақталады. Арканың ең жоғарғы бөлігінің биіктігі 100 метрден асады.
Сонымен қатар оның ең жоғарғы бөлігінде Қостанай қаласының таңбасы орнатылады. Ал астынада «Қостанай саябағы» деп латын қаріптерімен жазылатын болады.
Қала көркіне сән беріп тұрған саябақтың аркасының жөндеу жұмыстары шілде айында толығымен аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ шаһарымыздың мерейтойының қарсаңында қаламыздағы көптеген саябақтарға тиісті жөндеу жұмыстары жасалып жатқанын да айтып өткеніміз жөн болар.
Мәселен, «Жеңіс саябағы» бұрынғыдан да гүлдене түскен. Онда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары Жеңіс Күні мерекесіне дейін толығымен аяқталатын болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77