Бүгін Валентин Катаевтың пьесасы негізінде “Көк орамал” спектаклінің баспасөз көрсетілімі өтті.
Спектакльдің премьерасы-2 мамыр күні, көрсетілімдері 2-16 мамыр аралығында болады. Қоюшы режиссері Анна Удесиани, әскери лирика жанрында. Бұл қойылымға актерлер 2 ай дайындалды.
– Ең алдынмен келген жандарға алғыс айтамын. Спектакль 9 мамырға арналған, бірақ бұл жерде ешқандай көз жас болмайды. Өйткені біз соғыс жылдарының басқада жақтарын көрсететін боламыз, – дейді режиссер.
Тыл еңбеккерлері майданға хаттары бар сәлемдемелер жібереді. Қыздардың бірі хаттың орнына өзінің суретін салады, ал жас пионер Валя –өз қолымен кестеленген көк орамалды салып жібереді. Сәлемдеме алған майдангерлер белгісіз жіберушілерге сырттай ғашық болады…
“Көк орамал” – Валентин Катаевтың 1943 жылы соғыс уақытында болып жатқан оқиғалар туралы жазған пьесасы. Бірақ бұл оқиға тек соғыс туралы ғана емес, қиын кезеңдерде бақытты болашаққа деген үмітін үзбейтін адамдар туралы.
– Біз жыл сайын Жеңіс күніне орай қандай да бір спектакльдер, жобалар, композициялар қоямыз. Негізінен, соңғы жылдары олардың барлығы балаларға қатысты еді. Биылғы жылы осындай махаббат хикаясы, соғыс болғанына қарамастан, адамдар бәрібір өмір сүрді, сүйді, жек көрді. Міне, жалпы осы жайында болады, – дейді Қостанай облыстық орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев.
Адамдардың қарым – қатынасы басты назарда. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан, спектакль кейіпкерлері сүйіп, сүйікті болғысы келеді. Өйткені, ең қиын уақытта да адамдар жарқын сезім мен бақытты өмірге үміттенді. Осының барлығын 2 мамыр күні театрда тамашалай аласыздар.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77