Социум

Қос туындының тұсау кесу салтанаты өтті

Ақынның «Күзгі көңіл» және «Оңашадағы оқшау ойлар» деп аталатын өлең жинақтары жарық көрді

Ақын, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Ахмет Байтұрсынов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Ақылбек Шаяхметтің 70 жылдың мерейтойына орай, Л.Толсатой атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының конферец залында ақынның «Қарлығаш» және  «Издательский дом» баспаханаларында басылып шыққан «Күзгі көңіл» және «Оңашадағы оқшау ойлар» деп аталатын екі туындысының тұсауы кесілді.

Ақынның осы еңбектерін жарыққа шығаруға жеке кәсіпкер Алмат Тұрсынов демеушілік жасаған.

Кітаптардың тұсаукесер шарасына қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен Ақылбек Қожаұлының шәкірттері, А.Байтұрсынов атындағы өңірлік мемлекеттік университетінің студенттері мен үзеңгілес достары жиналды.

Шара Ақылбек Қожаұлының өлең жолдарымен ашылды. Елімізге кеңінен танымал, өз шығармаларында шындықты, әділдікті, қарапайымдылықты бетке ұстайтын ақынның өлеңдері кез-келген жанның жүрегіне жол тауып жататыны анық.

Сондай-ақ жиын барысында, кітапхана қызметкерлерінің дайындағын ақынның қаламынан туған «Каскалар мен маскалар», «Ел есіндегі есімдер, «Мінәжат», «Тайбағар», «Жер бесік» және 2019 жылы шыққан «Сағыныш» пен «Сенім» деп аталатын жинақтары қойылған кітап көрмесі көпшіліктің назарына ұсынылды.

Ақылбек Қожаұлы көпшілікке балалар әдебиетінің өкілі ретінде де өте жақсы таныс. Бүлдіршіндерге арнап шығарған өлең жинақтары да жетерлік. Кішкентай оқырмандарын ұйқасы мен мағынасы үндесіп жататын өлең жолдарымен әрдайым қуантып келеді. Ақынның қаламынан туған «Біздің балабақша» және «Гүл мен бидай» деп аталатын өлең жинақтары көпшілікке етене таныс болса керек.

Кеш барысында ақын өзінің сүйікті өлең жолдарын қазақ және орыс тілдерінде оқып, көпшілік алдында өз ойымен бөлісті.

Сонымен қатар А.Байтұрсынов атындағы өңірлік мемелекеттік университетінің филология факультетінің студенттері ақынның өлең жолдарын мәнерлеп оқыды. Солардың бірі 3 курс студенті Аида Уәлиева Ақылбек Қожаұлының айтуынаша, осыдан 40 жыл бұрын жазылған «Сенің даусың» деп аталатын өлеңін жүректерге жеткізе оқыды. Сондай-ақ өнерлі студенттердің бірі Мадина Елкеева «Әдемі» әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне ие болды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77