Қазіргі уақытта қоғамның сұраныстары мен мәселелерін шешуге бағытталған «Айкөмек» орталығы маңызды рөл атқаруда. 2024 жылдың 1-ші қаңтарынан 29-шы желтоқсанына дейінгі деректерге сәйкес, бұл орталыққа 93 515 өтініш келіп түскен
Оның ішінде 77 662 өтініш белгіленген мерзімде қаралып, шешімін тапқан, ал 15 457 өтініш орындалу мерзімінің бұзылуымен жабылған.
Қала тұрғындары қандай мәселелерді көтеруде?
«Айкөмек» орталығына келіп түскен шағымдардың негізінде мына мәселелер алдыңғы қатарда тұр:
1. Электрмен жабдықтау – Тұрғындар электр энергиясының жиі үзілуіне және оның сапасының төмендігіне байланысты жиі шағымданады.
2. Жол инфрақұрылымы – Қала көшелерінің сапасы, жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылуы және қозғалыс қауіпсіздігі басты назарда.
3. Санитарлық тазалық – Қоғамдық орындар мен көшелердің тазалығы, қоқыстардың уақтылы шығарылмауы туралы арыздар көп.
4. Қатты тұрмыстық қалдықтар – Қоқыс контейнерлерінің жетіспеушілігі мен олардың уақытылы тазаланбауы тұрғындардың наразылығын тудырады.
5. Сумен жабдықтау – Су беру кестесінің бұзылуы, су қысымының төмендігі жиі көтерілетін мәселелердің бірі.
6. Көше жарықтандыруы – Қала көшелерінде жарық шамдарының жетіспеушілігі және олардың істен шығуы көпшіліктің алаңдаушылығын тудырады.
7. Өндірістік жұмыстардан кейінгі қалпына келтіру – Құрылыс немесе жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін қалпына келтірілмеген аумақтар тұрғындардың шағымына себеп болуда.
8. Су тасқыны мәселесі – Қатты жауын-шашыннан кейінгі қаланың кейбір аудандарында су басу проблемасы жиі қайталанады.
9. Қоғамдық көлік – Автобустардың кестеге сай жүрмеуі, жеткіліксіз саны және олардың жалпы жағдайы бойынша сын-пікірлер көп.
10. Кәріз жүйесі – Кәріз құбырларының дұрыс жұмыс істемеуі мен оларды жөндеу мәселелері де назардан тыс қалмады.
Тұрғындардың мәселелерін тиімді шешу үшін «Айкомек» орталығы мен жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс істеуде. Дегенмен, кейбір өтініштердің орындалу мерзімі бұзылғандықтан, бұл бағытта қосымша шаралар қабылдау қажет. Мәселелердің алдын алу үшін жүйелі мониторинг жүргізу, тұрғындармен кері байланыс орнату және инфрақұрылымды дамыту маңызды.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77