Культура

«Қостанай Абайды оқиды» челленджі жүріп жатыр

Ұлы ақынның өлеңін жатқа оқып, бейне жазба жолдауға болады

Л.Толстой атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері үстіміздегі жылдаң қаңтар айынан бастап Ұлы ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Қостанай Абайды оқиды» деп аталатын онлайн челленджін жалғастырып келеді.

Аталмыш кітапхананың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларынан жергілікті жұртшылықтың ақын Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін оқып жүктеген бейне жазбаларды тамашалауға болады.

Бұл челленджге өңіріміздің зиялы қауымы, мектеп оқушылары, студенттер, оқытушылар және кітапхананың тұрақты оқырмандары атсалысып жатыр. Әсіресе, қаламыздағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары орыс, ағылшын және басқа тілдерде Абайдың өлеңдерін оқып, әлеуметтік желіге жүктеген.

Осы ретте кітапхана басшысы Дариға Дюсибаеваның айтуына қарағанда, аталмыш челлендж барысында 70 бейне жазба жүктеліп, олардың қаралымы 13133-ке жеткен. Сондай-ақ челлендж тамыз айында аяқталады.

Сондықтан Ұлы Абайдың шығармашылығын жатқа білетін жандардың өздерінің бейне жазбаларын кітапхана қызметкерлеріне жолдауға асыққаны жөн.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77