Новости Социум

Қостанай қаласында 122 отбасы әлеуметтік көмек алуда

«Nur Otan» партиясының бастамасымен қолға алынған «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қостанай  қаласында 122 отбасы әлеуметтік көмек түрлерін алуда. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының Қостанай  қалалық филиалының XXIX кезектен тыс конференциясында айтылды

 Ағымдағы жылдың ақпан, наурыз айларында көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың тұрмыс деңгейімен танысу шаралары жүргізілген болатын. Сол жұмыстар нәтижесінде 714 отбасы кірген екен

Жергілікті билік пен кәсіпкерлердің көмегімен 28 отбасыға 64 тонна көмір жеткізілді. 13 отбасыға 98 шаршы куб отын түсірілді. 168 отбасыға азық – түлік дорбалары  үлестірілді»,- дейді Қостанай қалалық әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лаура Исабаева.

200 ден астам отбасыға жергілікті биліктің көмегімен көмек көрсетілген.  Сол сияқты көмектер арқасында Қобыланды даңғылында орналасқан жатақхананың терезелері  жаңартылып ауыстырылуда.

– Бұл әлеуметтік жоба аясында арнайы меморандум жасалыпты.  Әлеуметтік жатақхананың 94 кешенді терезесі жаңасына ауыстырылды, – деп сөзін түйіндеді Лаура Исабаева.

Бұл аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған бастама болып табылады.

Жиын барысында Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Съезде белгілеген 4 ұлттық жобаның шаһарда жүзеге асырылу деңгейі сөз болды.

 – Елбасымыз бізге 4 нақты жобаны анықтап берді. Олар Бақытты отбасы, құтты мекен, ауыл – ел бесігі, халыққа көмек. Осы төрт жобаны біз партия мүшелері жүзеге асыруымыз керек. Алдағы уақытта осы 4 жоба жұмысымыздың негізі болады. Бұл жобаларды ұлттық деп айтсақ болады. Өйткені олар көптеген мәселелерді қамтиды,- дейді «Nur Otan» партиясы Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Сұлтанғазин.

Жиын барысында сол сияқты, қалалық филиалға жаңа төраға сайланды.

–  Қайрат Ахметов – Қостанай қаласының әкімі. Басқарушы лауазымындағы тәжірибесі орасан. Меңдіқара, Қарасу, Федоров, Қостанай аудандарының әкімі болды. Әрі,  аудандық филиалдарды басқарды,- деді Манарбек Сұлтанғанзин.

Іс – шараға қатысқан 68 делегат Қайрат Жұмашұлының кандидатурасын бірауыздан қолдады.  Сонымен қатар, алдағы облыстық конференцияға  қатысатын делегаттар сайланып, іріктелді.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77