Қала тұрғындарының жол қозғалысын реттеу, қауіпсіздікті арттыру мақсатында қала аумағында жаңа жол белгілерін қою әрі жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Бұл полиция департаментінің бұйрығымен жүзеге асып отыр. Қазіргі таңда ескі әрі тозығы жеткен жол белгілері жаңа стандарттарға сай заманауи белгілермен алмасуда. Сала мамандары жүргізген тексерулерге сәйкес анықталған қауіпті аймақтарға баса назар аудармақ.
– Жолдағы жол белгілерді аусытыруды полиция департаментімен бірлесіп жүзеге асырып жатырмыз. Біз Алтынсары көшесін Дощанов көшесінен бастап Орджоникидзэ көшесіне дейін жаяу аралап шықтық. Жалпы 400-ден аса жол белгісін жаңарту керек. Ал 70-тен аса белгі өз қалпында қалады. Себебі, олар жаңа стандарттарға сай, жарық шағылыстырады. Сонымен қатар, Сьянов көшесі, Фролов, Нариман, Абай көшесі бойымен Баймағанбет көшелеріне тұтас жолақ сызықтары қойылатын болады деп жоспарланып отыр, – дейді ТКШ бас маманы Азан Тимур.
Аталмыш өзгерістер жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен қатар, жаңартулар жаңадан салынған көшелер мен тұрғын үй аумақтарында да жүзеге асырылады.
Гүлжан БӨЛЕГЕН
Суретті түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77