Образование

Қостанай қаласындағы мектептерде соңғы қоңыру мерекесі өтуде

Мемлекеттік тілде білім беретін №28 мектеп-гимназияны биыл 33 оқушы бітіргелі отыр

Елдегі ахуалға байланысты, шараны өткізудің өзіндік ережесі бекітілген болатын. Қалалық №28 мектеп-гимназиясында талапқа сай, белгіленген уақытқа ықшамдалық салтанатты түлектер кеші өтті.

Мерекеге сай етіп безендірілген мектеп ауласында, ұлағатты ұстаз, алтын ұя мектепке арналған әндер шырқалды. Түлектер жүрек жарды лебіздерін білдірсе, мұғалімдер қауымы шәкірттерінің қадамына ақ жол тіледі.

– Сыныбымды әрине қимаймын, 5-сыныптан бері өзім жетекшілік етіп, бар ұстаздық білім-жігерімді сарпып келемін. Оқушылар алғыр, түрлі жарыстарда топ жарып келді. Қалалық, облыстық, республикалық олимпиадалардан қазақстан тарихы пәні бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Жыл бойына жеткен жетістіктері де баршылық. Білім сапалары да жақсы, осыған дейінгі Ұлттық біріңғай тестілеуден барлығы жақсы көрсеткіш көрсетіп келді. Оқушыларыма ақ жол, арман-мақсаттары орындалсын, – деген тілегін білдірді сынып жетекшілері Бибігүл Кәкімжанова.

Мемлекеттік тілде білім беретін мектеп-гимназияны биыл 33 оқушы бітіргелі отыр. Оның 13-і «Жас сарбаз» мамандандырылған сыныбының оқушылары. Және Жанат Макатова «Үздік аттестатқа» ұсынылды.

– Студенттік өмірімді қаламыздағы жоғарғы оқу орындардың бірімен байланыстыруды жоспарлап отырмын. Шет тілін жақсы білгендіктен, мамандығымды да сол салада көремін. Мектеп кезінде жақсы оқыдым, бұйыртса «Үздік аттестат» алғалы отырмын. Түрлі жарыстарға қатысып, жеткен жетістігім де аз емес, – дейді жас түлек.

Мектеп бітіруші түлектер үшін соңғы рет соғылған күміс қоңырау үні ерекше әсер етті. Әр жас түлектің мектебіне деген қимастығы көздерінен байқалып тұрды.

 Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77