Социум

Қостанай қаласында жазғы діни сауат ашу курсы ұйымдастырылды

Мұнда оқушылар ислам әдебін меңгеріп, салауаттар мен дұғаларды жаттады

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында Қостанай облыстық мешітінің ұйытқы болуымен үстіміздегі жылы жазғы діни сауат ашу курсы жанданып мамыр айының 27-нен маусым айының 18-не дейін 34 шәкірт діни білім алып шықты.

Балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді өткізу үшін қолайлы жағдай туғызылды. Ислам дінінде оларға берілетін тәрбиенің орны қашан да бөлек. Дәріс барысында, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, талғамын арттыру мақсатында өнегесі мол жұмыстар атқарылды.

Мәселен, шәкірттерге Құран әліппесі, Сира (Пайғамбар өмірбаяны), сенім мәселесі, Исламдағы 100 сұраққа байланысты жайлар оқытылады. Сөйтіп, балалар ислам әдебін меңгереді. Салауаттар мен дұғаларды жаттады.

Қыз балаларға «Сарыағаш» медресе-колледжін аяқтағалы отырған Әйгерім Қойшиева мен облыстық мешіттің ұстазы Жансая Халим тағылымды білім берді.

Ал, ер балаларға «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің 2-ші курс студенттері Бекзат Қапар мен Алинұр Балахметтер білгенін үйретіп, олардың тиянақты білім алуларына барын салды.

Есте қаларлық қызықты спорттық ойындар өткізіліп, қол өнерін шыңдауға да назар аударылды.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77