Өңірімізде мамырдың бесінен алтысына қараған түні алғашқы Тарауых намазы оқылды
Құрметті қала тұрғындары! Қадірлі мұсылман қауым!
Баршаңызды өздеріңіз асыға күткен, мұсылман жамағатына қадірлі ай – Рамазан яғни, ораза айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Ораза – адамзат баласын сабырлылыққа тәрбиелеп, бардың бағасына жетіп, әлеуметтік тұрғыда әлсіз топтарға қайырымдылық жасауға шақыратын қасиетті ай. Ата-бабамыз ораза айын ерекше ыждахатпен қарсы алып, әр күнін мәнді өткізуге тырысқан. Бұл берекелі мезетте араздасқан жандар татуласып, сырқаттанса көңіл сұрап, көптен көріспеген туыстар бір дастарқан басына жиналған. Бізге де бабалар салған сара жолдан үлгі алу маңызды. Бұл біздің ғасырдан жалғасып келе жатқан ғұрпымыз. Көпұлтты, ынтымағы жарасқан шулықтар Рамазан айын лайықты қарсы алып, құрметпен өткізеді деген сенімдемін. Құрметті ағайын! Ардақты әлеумет! Үлкен тәрбие мектебі, рухани кемелденуге бастайтын Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймын! Әрбір отбасына амандық, толайым табыс, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Бейбітшілігіміз бен берекелі өміріміз ұзағынан болып, есендік пен саулықта келесі Рамазан айына аман жетуге тілектеспін!
Құрметпен, Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77