Біздің Қостанай Спорт

Қостанай қаласының спортшысы дзюдодан 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы атанды

Семейде дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Қостанай қаласының спортшысы Самалай Ергалиева 63 келі салмақта дзюдодан 21 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы атанды.

Біріншіліктің қорытындысы бойынша құрылған команда биылғы халықаралық жарыстарға, Азия және әлем чемпионаттарына қатысады. Спортшының айтуынша,  63 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша18 облыстан 31 спортшы сынға түсті.

Жарысты екінші айналымнан бастадым ,ең бірінші қарсыласым Абай облысының спортшысын 2 ұпайымен жеңдім , екінші Жамбыл облысының  спортшысы, сәл қиынырақ болды. Өйткені негізгі уақытта жеңімпаз анықталмайды, қосымша уақытта екі жеңнен әдісін қолданып жеңіске жеттім , үшінші белдесуім ақтық сынға жолдама болатын Қызылорда облысының спортшысы  ол қызды ұпаймен емес 3 ескертумен ұттым . Соңғы белдесуім Ақтөбе облысының спортшысы , ол қыздан бір жыл бұрын өткен Алматы қаласында “Кубок Азии ” жарысында  ұтылып қалған болатынмын. Осы кездесу мен үшін өте маңызды болды, сол себептен оған қатты дайындалып шықтым, 3 ескертумен ұтып жарыстың жеңімпазы атандым . Өте қуаныштымын. Өйткені бірінші рет Қазақстан Республикасының Чемпионы атағына ие болып жатырмын. Оған дейін 2, 3 орынмен тоқтап қала беретінмін .Мені әрдайым қолдап жүретін отбасыма , жаттықтырушыларыма алғысым шексіз, – дейді Қазақстан Республикасының чемпионы Самалай Ергалиева.

Сонымен қатар Самалай дзюдо күресінен спорт шебері, 7 жыл дзюдомен айналысып келеді. Енді айдың сонында Португалияда өтетін Еуропа кубогында еліміздің намысын қорғайды.

Аяжан СЕРІК, фотоны ұсынған кейіпкер


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77