ЖКХ

Қостанай көшелерінің жарық шамдары жаңартылды

Ескі шамдардың орнына жарық үнемдейтін шамдар орнатылуда

Осы жылы Қостанайда 70 көшеге жарық шамдары орнатылды. Бұрын сонды жарық болмаған қаланың түпкі көшелеріне дейін шамдар орнатылуда. Айталық, осы күзде Амангелді, Киев, Корей, Узкоколейная ауылымен бірге, Қостанай-2 ықшамауданы бойына 4 мың жарық шамы орнатылды. Осылайша, Қостанайда жарықтандырылған көшелердің ұзындығы 7,5 шақырымға жетті.

– Біздің Корей ауылының көшелеріне осы жылы жарықтындыру жұмыстары жүргізілді. Бұрын жарық түгілі жолдың өзі болмаған еді. Аал қазір көше тұрғындары балаларымен бірге кешкі серуенге еркін шығып жүр. Қазір тас жол төселіп, барлық инженерлік желілер тартылды. Ауыл тұрғыны ретінде ризамыз, – дейді тұрғын Нұрболат Есқожин.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы Евгений Филонов осы күзде 4 мың жарықтандыру шамы орнатылғанын айтады.

– Күзде орнатылған 4 мың жарық шамдардан бөлек, «Ақылды қала» жобасын жүзеге асырамыз. «Ақылды жарықтандыру» жүйейсінің 100 қалқаны ауыстырылады. Яғни, «iKomek» жүйесі іске қосылып диспечер қызметін атқаратын болады. Қашықтан басқарылып, жүйе автоматты түрде ретеледі. Қада шамдары өздігінен өшіп, өздігінен қосылады. Қазір бұл жұмыстардың барлығы жартылай автоматты түрде жүзеге асырылуда, – деп атап өтті бөлім маманы Евгений Филонов.

Бұрын жақыртандылыған қаланың 16 көшесіндегі ескі энергия үнемдейтін шамдар, жаңа жарық-диотты шамдарға ауыстырылуда. Бұл бюджет қаржысын айтарлықтай үнемдеуге мүмкідік береді. Яғни, үнемделген ақшаны облыс орталығының басқа да қажеттіліктеріне, соның ішінде әлі де жарық бармаған көшелерге шам орнатуға жұмсауға болады.

– Технология күн санап дамып келеді. Жаңа орнатылған шамдардың арқасында энергия шығыны 4 есеге азайды десек те болады. Яғни, егер бұрын бір шам шамамен 400 ватт тұтынса, қазір заманауи шам 100 ватт тұтынады. Мұның сыртында, жарық түсу көлемі де айтарлықтай артты. Энергия үнемдейтін шамдар сатылымда жоқ. Қазір көптеп шығармайды. Себебі біз энерги үнемдеу әдісіне көшудеміз, – дейді Евгений Филонов.

Автокөлік иелері коммуналдық қызметкерлердің жұмысын оң бағалады. Олар жаңа көше шамдары жолда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етеді дейді.

– Бұрын көше шамдары сарғыш тартып тұратын. Сол себепті жол үстіне дұрыс жарық шашпайтын. Ал мына жаңа шамдар қозғалысқа тиімді. Жүргінші жолы алыстан көрініп, жүргізушінің көру ықтималдығын арттырады. Өз басым бұл жұмысқа оң бағамды беремін, – дейді көлік иесі Анатолий Мартынов.

Қазір Қостанай көшелеріне 15 мың шам жарық шашып тұр. Коммуналдық қызметкерлердің есептеуі бойынша, қалада тағы 5-7 мыңға жуық шам жетіспейді. Яғни, шамдарды орнату осы жылдағыдай қарқынмен жалғасатын болса, бірнеше жылдан кейін облыс орталығында бірде-бір қараңғы көше қалмайды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті газет мұрағатынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77