Образование

Қостанай мектептерінде Наурыз мерекесіне орай «Бауырсақ Party» науқаны өтуде

Оқушылар арасында ұлттық ойындар ойнатылып, салт-дәстүрден шағын қойылымдар көрсетілді

Мерекелік шарада ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында ұстаздар мен оқушыларға бауырсақ таратылады.

Оқушылар қауымы бауырсақтан дәм тату үшін алдымен жұмбақтарға жауап беріп немесе мақалды жалғастырулары керек. Сол арқылы ойлау қабілеттері мен жаттау дағдыларын дамытады дейді мектеп ұстазы.

– Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында мектебімізде Наурыз мейрамы «Бауырсақ Party» науқанымен жалғасын табуда. Бастауыш сынып оқушылары арасында көне заманнан келе жатырған ұлттық ойындарымызды ойнатып, үйретудеміз. Оқушылар үшін асық ату, тұр сақинам тұр тағы өзге де ойындар өте қызық, олар белсенді қатысады. Біздің ұстаздық парызымыз білім берумен қатар, рухани тұрғыдан дамыту. Баба салтын ұмыт қалдырмай, жас жеткіншектерге үйреткеніміз нұр үстіне нұр, – дейді М. Хәкімжанова атындағы №20 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі  Нүрсия Күдебаева.

Мәриям апа атындағы білім ордасында өнерлі оқушылар қатары көп. Жас домбырашылар қонақтарды күймен қарсы алып, ілтипаттық танытып алдымен бауырсақ ұсынды. Төрде жайылған дастархан басында мектептің жасы үлкен мұғалімі Наурыз бата бата беріп, келіндік кезеңді өткерген апайымыз «наурыз көженің» жасалу әдісін баяндап берді.

Бастауыш сынып оқушылары «асық ату», «тұр сақинам тұр», «қындық-сандық» сынды балаларға арналған ойындарды ойнады. Ойынға қатысқан барша бала бауырсақтан сый алды.

Наурыз мерекесі қаламыздағы №28 мектеп гимназиясында да жалғасын тапты. Мектеп оқушылары мен ата-аналары арасында Наурыз мейрамына орай онлайн, офлайн форматта санитарлық талаптарды сақтай оытрып түрлі іс-шаралар өткізілуде.

– Атап айтсақ 15-19 наурыз аралығында іс-шаралар болады. Айталық, 5 сынып оқушылары арасында «қара жорға» флэшмобы, «Бауырсақ Party» науқаны, «Қош келдің әз Наурыз» тақырыбында сынып сағаттары өткізіледі. Негізгі мақсат – қазақтың ұлттық тағамдарын, соның ішінде ұмыт бола бастаған игі дәстүрлерді қайта қолданысқа енгізу. «Бауырсақ Party» науқанына қатысушылар бір мақал-мәтел немесе өлең айтулары керек. Ол науқанға ерекше мән береді, – дейді №28 мектеп гимназиясы директорының   оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жансая Исмайлова.

Өткізілген шараның бейненұсқалары, #ruhanikost, #uo_kost парақшаларынан #бауырсақ party және #рухани жаңғыру хэштегін белгілей отырып, әлеуметтік желілерде орналастырылған.

– Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары арасында салт-дәстүрді насихаттау мақсатында онлайн сайыс өткізілді. Сайыс барысында ата-аналар өз отбасыларында қазақтың бір салт дәстүрін көрсетіп, инстаграмм парақшасы арқылы оқушылар, ата-аналар тамашалауда. Сондай-ақ, мектебімізде биыл ғана ашылған «Айналайын» шағын орталығында да бүгін наурыз мерекесін атап өтті. Тәрбиешілер  балалармен бірге түрлі ұлттық ойныдарды ойнап, қазақтың ұлттық тағамдары дайындалды, – деп атап өтті Жансая Исмайлова.

 

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген Абиль ДОЩАНОВ

 

 

 


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77