COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

101610

Выздоровевших

107134

Зарегистрированных случаев

3458

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1671

Летальных случаев

Социум

Қостанай мешітінің имамдары блок бекетіндегі 65 қызметкерге түскі ас таратты

Бұл шара «Біз біргеміз!» акциясы аясында ұйымдастырылды

Қостанай қаласында бұл күндері әлемді жайлаған жұқпалы індетке байланысты уақытша жабылған блок бекетіндегі 65 қызметкерге «біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында түскі ас таратылды.

Оның ішінде полиция мен әскери қызметкерлер, дәрігерлер де бар. Бұл қайырымдылық шарасына Қостанай қаласы бойынша «Зекет» қоры және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал даму» серификатына ие болған «Арзу» дәмханасының басшылығы мұрындық болды.

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы және «Жастар ісі секторының» жауапты өкілі Әлішер қажы Ертайұлы блок бекетінде тұрған қызметкерлерге шын жүректен алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі.

Облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтайдың айтуы бойынша, мұндай қайырымдылық шарасы апта сайын ұйымдастырылатын болады. Қызметі қауырт жандарға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыз өте зор.

Ел басына іс түскенде көмек беруге дайын тұратын жандардың қатары артып жатқаны қуантады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77