Социум

«Қостанай облысы әкімінің кубогына» жайдарман фестивалі өтті

Қостанай облысы қоғамдық даму басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығы тапсырмасы бойынша «Жайдарлы жастар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қостанай облыс әкімінің кубогы-2022» жайдарман фестивалі өтті

Командалар солтүстік қазақстандық көрермендерді күлдірту үшін командалар жақсы ойын көрсетуге тырысты. Біреуі толық импровизацияға бәс тіксе, басқалары ұзақ уақыт бойы өз өнерлерін дайындап, жаттыққан. Сайысқа 11 команда қатысты. Саясат, отбасы, махаббат, достық. Көңілді тапқырлар әзілдеген тақырыптардың спектрі әртүрлілікпен таң қалдырды.

Әкім кубогына таласқан командалардың тізімі:
Әулиекөл, 1 май ауылы “Бір үйдің балалары” командасы!
Костомар ауылы «Қостомар» командасы,
Ақтөбе қаласы «Академия Балмұздақтары» командасы,
Рудный қаласы «Сарыбай» командасы,
Астана қаласы «Элита» командасы,
Аркалык қаласы «Айказ» командасы,
Орал қаласы «Дежавю» командасы,
ҚӨУ «Костанай» командасы,
Жангелді ауданы «Жаңа ғасыр» командасы,
Астана қаласы «Сарыарка» командасы,
Рудный қаласы «Рудный» командасы.

– Қостанай қаласына алғаш рет келіп отырмыз. Астана қаласында ашық лигада 3 орын алып келе жатырмыз, ал өзімізде, Орал қаласында 2021 жылы чемпион болғанбыз. Бүгінгі ойын жақсы дәрежеде өтеді деген ойдамын, біздің де дайындығымыз жоғары деңгейде деп айтсам болады, – дейді Орал қаласы «Дежавю» командасының ойыншысы Нұрислам Ахметов.

Қостанай облыс әкімінің кубогына және 500 000 теңге көлемінде ақшалай сияқыға Жангелді ауданы «Жаңа ғасыр» командасы ие болды. Екінші орын және диплом мен 300 000 мың теңге Астана қаласының «Элита» командасына берілді, ал үшінші орын 100 000 теңге Орал қаласы «Дежавю»
командасына бұйырды. Оған қоса «Үздік ойыншы» атағына ие болған және 50 000 теңге жүлде қорына ие болған Астана қаласы«Сарыарқа» командасының ойыншысы Бекзат Дюсенов.

– Бүгінгі ойынның басқа ойындардан ерекшелігі бұл тек жүлдеге талас, бір-ақ ойын фестиваль форматында өтетіндігінде. Бұл жерде командалар барын салады. Лигалық жүйедегідей 1/8 кезең жоқ, – дейді республикалық жайдарман ойындарының Қостанай филиалының басшысы Бәкір Мұрғұлан.

КВН ойынын тамашалауға көптеген жағымды эмоциялар алған толы зал көрермен келді. Жалпы ойынның басты ерекшелігі жас пен тәжірибесі мол ойыншылардың бір сахнада өнер көрсетуі.

Аяжан СЕРІК


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77