Здравоохранение Коронавирус

Қостанай облысына вакцинаның бірінші партиясы аптаның сонында жеткізіледі

Ақпараттық штабтың мәліметінше, вакцинацияға 31 медициналық ұйым тартылатын болады

Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы ерікті екпе егу бойынша барлық дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттық штабтың мәліметінше, егу науқанына 31 медициналық ұйым, оның ішінде 26 мемлекеттік және 5 жеке меншік емхана тартылатын болады.

Бұдан бөлек, екпе кезеңділігіне сәйкес мектеп-интернаттар, медициналық-әлеуметтік мекемелер, балалардың жабық мекемелері және басқа да адамдар үшін әрбір емхана жанынан бір жылжымалы егу бригадасы қарастырылады.

Осылайша, облыста 93 стационарлық және жылжымалы егу пункттері екпе жүргізеді.

Хабарламада көрсетілгендей, екпе нүктелерін 150-ге дейің кеңейтуге мүмкіндік бар екен. Медициналық ұйымдардың 160 жауапты мамандары қабылдау, тасымалдау және екпе ұйымдастыру, көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер бағыттары бойынша оқытудан өткен.

Сақтау температурасы -20 градус және одан төмен 120 бірлік мұздатқыш жабдық сатып алынған. Бұл бір мезгілде екпенің 73 мың дозасын қабылдауға мүмкіндік береді.

Бірінші партиясы аптаның сонында жеткізіледі. Екпені облыстың шалғай аудандарына тасымалдау үшін «суық тізбекті» қолдау мақсатында авторефрижератор және хладоэлементтері бар 100 термоконтейнер сатып алынады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда көлемі 2-ден 50 литрге дейін 817 термоконтейнер бар.

Бұл ретте мұздатқыш жабдықтың бос көлемі қазірдің өзінде 8,8 мың дозаны қабылдауға мүмкіндік береді.

Вакцинациялау үшін адамдар контингенті анықталды. Бірінші кезекте, инфекциялық стационарлардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының, стационарлардың қабылдау бөлмелерінің, санэпидқызметтің қызметкерлеріне екпе салынады.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77