Негізгі ҰБТ мамыр айының 16 жұлдызында басталды. Қостанай облысы бойынша тестілеуге қатысуға 5000 талапкерден 8000-ға жуық өтініштер келіп түскен. Бүгінгі күні талапкерлердің 33%-ы тестілеуді қазақ тілінде, ал 67%-ы орыс тілінде тапсырған.
– Талапкердің тест тапсырып болғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептерге байланысты апелляция тек тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттерде қолжетімді болады, – дейді Ұлттық тестілеу орталығының мамандары.
Қазіргі таңда 71% үміткер шекті балл жинап отыр. Бес пән бойынша орташа балл 65-ті құраған. Жалпы облыс бойынша ең жоғары нәтиже-136.
ҰБТ-ға қатысу үшін ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Нәтижесінде 3 талапкер өз бақтарын сынады.
– ҰБТ-ның бірінші аптасында 6 ереже бұзушылық анықталып отыр. 4 оқушы тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шектетілді. Тестілеу үстінде 2 адам ереже бұзып, аудиториядан шығарылды. Олардың нәтижелері автоматты түрде жойылды. Өзге адамдардың орнына кіріп, тест тапсыру фактілері анықталған жоқ,- дейді сала мамандары.
Мамандар ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін бейнежазбаларға талдау жүргізілетінін атап өтті. Егер ҰБТ талаптарын бұзу фактілері анықталса, талапкердің ҰБТ қорытындысы жойылады.
Гүлжан БӨЛЕГЕН, сурет Ұлттық тестілеу орталығының
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- РњРѕР№ Р В Р’В Р РЋРЎв„ўР В Р’В Р РЋРІР‚ВВВВВВВВРЎР‚
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77