Қыркүйек айында Қазақстанда қыздарды адам папилломавирусына қарсы вакцинациялау науқаны басталады. Оған 11 жастағы 175 мың қыз қатысады.
Адам папилломавирусы-шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустардың ең көп таралған топтарының бірі. Вирус қауіпті, себебі ол дене жасушаларының қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.
– Қостанай облысында 5 мыңға жуық қызды егу жоспарлануда. Вакцина ата – аналар мен қамқоршылардың ақпараттандырылған келісімімен егу кабинеттері арқылы тегін қолжетімді болады,-дейді Қостанай облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
Жыл сайын Қазақстанда жатыр мойны обырының 1600-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі және үш күн сайын осы аурудан екі әйел қайтыс болады. Бүгінгі таңда HPV емдеу жоқ, алдын алудың жалғыз әдісі – вакцинация. Ең жиі кездесетін инфекция-жыныстық жолмен берілетін инфекция.
Жатыр мойны обыры тұқым қуалайтын ауру емес. Адамдардың көпшілігі өмір бойы HPV-нің бір немесе бірнеше түрін жұқтырады және олардың бір бөлігі инфекциядан қатерлі ісік ауруын дамытады. Бүгінгі күні аам папилломавирусын емдеу мүмкін емес, алдын – алудың жалғыз әдісі-вакцинация.
Аяжан СЕРІК, суретті ұсынған өңірлік коммуникациялар қызметі
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77