Біздің Қостанай Образование

Қостанай облысында Абай есімі берілген мектеп саны жеткілікті

Білім ошақтары болашақ ұрпақтың өмірінен маңызды орын алады. Біздің ортамыздың ажырамас бөлігіне айналған іс мектептер мен көшелерге ұлы ақындар мен әдебиетшілердің есімдерін беру. Бір есімді бірнеше рет беру де байқалып жатыр. Бұл тек көше, не мектеп атауын ауыстыра салу ғана емес, сонымен қатар тұрғындар үшін қиындық туғызады.

Біздің қаламызда екінші мектепке Абай Құнанбаевтың есімі берілгелі жатыр. Бұл ақын, философ және ойшыл біздің аймақтың мәдени байлығының көрінісі болды. Қаламыздағы ең ұзын көшеге де Абай Құнанбаевтың есімі берліген. Мектепке оның есімін беру-бұл жай ғана ресми әрекет емес, бұл адамның шығармашылығына және қоғамның қалыптасуына қосқан үлесіне таңданудың бір түрі. Алайда, неліктен бір атты 100 мектепке беру елімізде қарапайым жайтқа айналған. Басқа беретін ат қалмаған ба сонда? Сонымен қатар, біздің аймақтағы әрбір аймақ ақындар мен жазушылардың атымен аталған ерекше орындарымен танымал. Ақындар деп аталатын көшелер сәулет өнерімен ғана емес, әдеби шығармашылық рухымен де толтырылған кеңістікке айналады.

– Белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің есімдері қайта-қайта беріле береді. Мектептерге, көшелерге бере берген дұрыс емес. Мысалы, елімізге әйгілі Ахмет Байтұрсынұлы атында қазірге таңда 100 ден аса көше, мектеп бар. Ұлы Ыбырай Алтынсарин атында 150-ге жақын мектеп бар екен. Біздің Қостанай Аханның отаны болғанымен, Ахмет Байтұрсынұлы атында Қостанай өңірлік университеті бар. Бұл облыстағы ең жоғары оқу орыны. Қаламызда көше бар, ескерткіш те бар, сол жеткілікті. Басқа жерлерде оның атын бере беру менінше бұл үлкен әбестік. Бір кезде Карл Маркс, Ленинге, Сталинге көше аттарын беріп жатқан сияқты немесе біздің өтіп кеткен патшамыз, елбасы Нұрсылтан Назарбаевқа қайта-қайта көше не жердің атын берген дұрыс емес. Сол сияқты Әлихан Бөкейханға, Міржақып Дулатовқа, Алаш арыстарына беріліп жатқан көше мен мектеп атаулары бар. Ал енді сол Ахан мен Жаханның қасында жүрген Елдес Омарұлы атында бір көше бар ма Қостанай облысында немесе сахна саңлақтары, мемлекет сыйлығының лауреаты атанған Сералы Қожамкуловқа, Қапан Бадыровқа, Елубай Өмірзаковқа көше бар ма? Сондықтанда менің ойымша, депутаттар арнайы қаулы қабылдап мемлекеттік тұжырамда ма жасалуы керек. Бір адамға қайта-қайта көше, мектеп аттарын бере беруге тыйым салыну керек. Мен өзім солай деп ойлаймын. Бұдан бұрын тұжырамдама шыққан болатын кісі аттарын беру туралы, сонда айтылған республика бойынша 100-ден артық жерге кісі аттарын беруге болмайды деп. Оны қадағалап отырған ешкім жоқ. Тек қана республикада ғана емес, біздің облыста да осы мәселе бар. Сондықтан бұған қатаң тыйым салыну керек. Бізде көшеге лайықты, мектепке лайықты есімдер толып жатыр, – дейді көсемсөзші-журналист Ақылбек Шаяхмет.

Қостанай облысында мемлекет және қоғам қайраткері, ұлы қазақ жазушысы, ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығын мерекелеуге орай өңіріміздің елді мекендеріндегі оның есіміндегі көшелер арасында облыстық байқау өткізілді. Сол кезде облысымызда 30-ға жуық көше бар екендігі анықалды. Енді міне, Рудный қаласында бір көшені ауыстырғысы келіп жатыр. Алайда, егер көше атауының бұрынғы есімінің түпкі мәні болса, өзгертудің не қажеті бар.

– Ауыл ма, қала ма, тіпті облыстың өзінде болсын бір атаумен бірнеше мектептер аталып жатса мен оны дұрыс деп ойламаймын. Біріншіден ұлы адамдарды ұлықтаған дұрыс қой, бірақ енді бір жерге ғана есімі берілсе жақсы, алайда, қайта-қайта болса дұрыс емес. Ұлықтаймыз деп, бағасын төмендетіп жібереміз, ол бір, екіншіден біздің елімізде басқа есімдер бар ғой. Соларды қарау керек, қайталамауға тырысу керек. «Қазақтың тілі бай» деп айтқанда әйдікпіз, көше не болмаса саябақ, алаңдарға берген кезде сөз таба алмай қаламыз. «Достық», «Бостандық», «Дәулет» деген сөздер қайта-қайта ауылдарға беріле беретін атаулар. Бізің Жүсіпбек Аймауытов педогогикадан оқулық жазған, Мағжан Жұмабаев бар тағы басқа қаншама қайраткерлер бар. Соларды атаған дұрыс болады, – деді филология ғылымдарының кандидаты  Қалқаман Жақып.

Жалпы облыс орталығында 428 құрамдас бөлік бар, оның ішінде 287-і көше және 4-і даңғыл. Ал жалпы орта білім беру ұйымдарының желісі 465 мектептен, оның ішінде 445 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерден, 6 мемлекеттік арнайы білім беру ұйымдарынан, 5 кешкі, 9 жекеменшік мектептерден тұрады.

– Бізде Ыбырай атында 154 мектеп бар Қазақстанда. Сол сияқты Абай атында да өте көп. Ал енді біздің Алаш арыстары бар ғой. 3039 Алаш қайраткерлері бар, соларға беруіміз керек. Біздің тәуелсіздігімізді, біздің жағдайымызды ойлаған сол кісілер. Көбісінің есімі ұмытылып барады. Көшелерде большевиктердің есімі берілгенде, Алаштарға берілген. Жақында Ахмет Бірімжановқа берілді. Сол сияқты Қостанайдан шыққан адамдар көп қой, соларға берілсе. Біздің ең үлкен көшелеріміздің бірі Абай көшесі ғой, оның атында мектептерде бар. Әрине ұлықтаған дұрыс қой, жеткілікті. Сондықтан ұмытылып бара жатқан адамдарға беруіміз керек, ол тек қана ақын-жазушылар ғана емес, басқа да мамандық иелерінің арыстырына берген жөн, – дейді ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспанов.

Көріп отырғанымыздай облысымыздың көптеген жерлерінде Абай атындағы мектептер бар. Мүмкін біз барлығын көрсетпеген де шығармыз. Одан да көп болуы мүмкін.

Қаламыздың қайраткерлері, атап өткендей ұлылардың есімін ұлықтаймыз деп әр нәрсеге бір есімді бере берген дұрыс емес. Одан да басқа қаншама адамдардың есімі бар ғой. Тарихқа үңіліп қарап, зерттеп отыратын адамдар болса немесе қадағалап отыратын мамандар болса жақсы болар еді. Жалпы,белгілі бір тұлғаға көше атын беру ісі көпшіліктің ұсынысымен шешілетін мәселе. Тұрғындарменде келісіп, оны тереңірек зерттеп барып өзерткен дұрыс. Сонымен қатар бір адамның есімін бере беру ойға сымайтын нәрсе.

Көше атауын өзгерту үрдісі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін жаппай көрініс ала бастады. Онымен ономастика бөлімі айналысады. Негізгі мақсаты – өңірлерде кездесетін идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерге, ғимараттарға, елді-мекендерге қазақы атау беру. Көше атаулары «Тіл туралы» заң мен «Әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» заңға сәйкес өзгертіледі.Басында бәрі түсінікті болатын. Бірақ, міне 30 жыл өтті. Біз әлі осы іспен айналысып келеміз.

Біріншіден, бұл біздің халыққа, қазақтарға тән қасиет. Әркім өз атасын, әкесін немесе тағы біреудің атын асқақтатқысы келеді. Әркім өзінің туысының атына көше, ғимарат бергісі келеді. Бұл өте жаман және ұятты көрініс. Екіншіден, бұл бюджетке теріс әсер етеді. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға қиындықтар тауып береді. Сол жерде тұратын адамдар халыққа қызмет көрсету орталығына барып қайта тіркелу керек. Бір сөзбен айтқанда әңгімесі көп тірлік.

Қостанай облысында Абай есімі берілген мектептер:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының” Қостанай қаласы білім бөлімінің №27 жалпы білім беретін мектебі ” КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Жітіқара ауданының білім бөлімінің № 3 мектеп-лицейі” КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Лисаков қаласы білім бөлімінің №3 жалпы білім беретін мектебі” КММ Абай есімі;

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Рудный қаласының білім бөлімінің №18 жалпы білім беретін мектебі” КММ Абай есімі;

“Рудный қаласының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ

“Федоров ауданының білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77