COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

Выздоровевших

Зарегистрированных случаев

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

Летальных случаев

Правопорядок

Қостанай облысында браконьерлермен күресетін 8 мобильді топ құрылды

Заң бұзған браконьерлерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Қостанай облысында браконьерлермен күрес күшейтіліп, мобильді топ құрылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай өңірінде заңсыз аң аулаушылар азаймай тұр. Осыған байланысты облыс көлемінде кезекті рет «Киік» операциясы өтті. Нәтижесінде 136 заң бұзушы анықталып, тіркеуге алынды.

– Қостанай облысында браконьерлермен күрес үшін Табиғатты қорғау облыстық аумақтық инспекциясы мен облыстық полиция департаменті 8 мобильді топ құрды. Олардың төртеуі облыс периметрінде емін-еркін рейд атқарады. Қазірге дейін 7 рейд шарасы өткізілді. Заң бұзған браконьерлерге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды, – делінген баспасөз хабарламасында.

Қостанай облысында киік саны артып, 111 мыңға жеткен. Жылдық өсім 50 проценттік деңгейде қалып отыр. Киіктерді аулауға 2023 жылға дейін заң жүзінде шектеу қойылды.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77