Экономика

Қостанай облысында егін жинау науқаны қарқынды жүріп жатыр

Бүгінгі күнге дейін диқандар 1 млн 740,8 мың гектар алқаптан астық орып, бұл себілген жалпы аумақтың 42,7 пайызын құрады. Қамбаға 2 млн 524,1 мың тонна астық құйылды. Орташа өнімділік гектарына 14,5 центнерден айналуда.

Майлы дақылдар да жиналып жатыр. 873,5 мың гектардың 70,6 мың гектарынан өнім алынған. Қазіргі көрсеткіш бойынша 62,7 мың тонна майлы дақыл жиналып, гектарына орта есеппен 8,9 центнерден өнім беріп отыр.

Картоп жинау жұмыстары да қызу жүргізілуде. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы құрылымдары 1156 гектардан 11 мың 480 тонна картоп қазып алған. Орташа өнімділік – гектарына 99,3 центнер. Ал көкөніс алқаптарынан 181 гектардан 3246 тонна өнім жиналып, гектар берекелігі 179,6 центнерді құрап отыр.

Жалпы алғанда, астықтың басым бөлігі облыстың оңтүстік өңірлерінде жиналған. Әсіресе Жангелдин, Науырзым, Амангелді, Әулиекөл аудандары мен Арқалық қаласы 50 пайыздан астам егін ору жұмыстарын аяқтап үлгерді.

Өнімділік бойынша алдыңғы қатарда Сарыкөл, Ұзынкөл, Меңдіқара және Федоров аудандары тұр. Бұл өңірлерде гектар берекелігі жоғары көрсеткіш көрсетіп, өңір диқандарының қажырлы еңбегін айқындап отыр.

Ая Әбділда


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77