Культура

Қостанай облысында «Ел бірлігі – жаңа Қазақстан» атты бағдарлама бойынша брифинг өтті

Әртістер “Ел бірлігі – жаңа Қазақстан” жобасы бойынша өнер көрсетеді. Бұл іс-шара ҚР еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері Айжан

Нұрмағамбетованың сахналық шығармашылығының 45 жылдығына орайластырылған.

Бұл жобаның мақсаты сапалы, қолжетімді өнімді ұсыну. Айта кетейік, Айжан Нұрмағамбетова біздің жерлесіміз. Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының тумасы.

-Ел бірлігі – жаңа Қазақстан ” жобасымен 28 ауданды, 29 моноқаланы және 20 облыс орталығын қамту жоспарлануда, – дейді Ержан Алданазаров «Роза Бағланова атындағы “Қазақ концерт”» мемлекеттік концерттік ұйымының Республикалық концерттік-гастрольдік қызмет орталығының менеджері.

Қойылымдар Қостанай облысында 15-19 тамыз аралығында өтеді. Іс-шараға ҚР еңбек сіңірген әртісі, “Құрмет” орденінің иегері Айжан Нұрмағамбетова, танымал эстрада әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Құрмаш Махан, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұрболат Арзамасұлы қатысады.

Олардың өнерін бүгін сағат 19:30 да тамашалай аласыздар.

Аяжан СЕРІК,
сурет ӨКҚ алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77