События

Қостанай облысында әскерилендірілген кросс бастау алды

Бүгін Қостанай академиясында “Жеңіс ұрпақтары” атты Қостанай облысының әскерилендірілген кроссының ашылу салтанаты өтті. Іс шара Шырақбек Қабылбеков атыындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясының базасында ұйымдастырылды.

Бұл жарыс болашақ ұрпақтың бойындағы патриоттық сезімдерін оятуды, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруды мақсат етеді. Аталмыш шара Дене тәрбиесі және қосымша білім беру орталығы мен Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Ресми ашылу салтанатына Қостанай облысы білім басқарма басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының құрметті журналисті және академия бастығы, полиция генерал-майоры қатысты. Олар қатысушы жастарға сәттілік тілеп, ел болашағы келешек ұрпақтың қолында екенін тілге тиек етті.

– Биылғы жыл қазақ елі үшін есте қаларлық жылдардың бірі болмақ. Бүгінгі шараға атсалысу мен үшін үлкен қуаныш. Осында тұрған барлық азамат-елдің нағыз қорған болар батырлары. Ата-баба жолын жалғастырып, тек биік шыңдарды бағындыруға тілектеспін,- деді Оразалы Жақсанов.

Ашылу салтанаты әскери киім киген курсанттар мен оқушылардың саптық шеруімен басталды. Кейін академияның спортшылары мен білім алушылары арнайы әскери-техникалық жаттығуларын көрсетті.

Жеңіске жету үшін қатысушылар бірнеше кезеңнен өтуі керек. Ер балалар 1500 метр, ал қыз балалар 1200 метрге жүгіріп, нысанаға оқ атып, қашықтыққа граната лақтырады.Егер белгіленген шарт дұрыс орындалмайтын болса, айып ұпайлары жазылады. Ал жеңіс айып ұпайы аз топтын еншісінде болмақ.

– Әскерилендірілген кроссты екі күн өткізу жоспарланып отыр. Шараға Қамысты, Қостанай, Аманкелді, Жітіқара, Қарасу, Денисов және басқа да аудандардан оқушылар келді. Әр топта 2 қыз, 4 ұл баладан 6 оқушы болуы тиі.,- дейді өңірлік орталықтың әдіскері Гүлмира Исабаева.

Аталмыш чемпионатқа 15-16 жас аралығындағы 88 оқушы тіркелген. Олар 12 топ болып өзара бақ сынамақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша қатысушылардың екі күніне академиялық жоспар құрылған. Яғни, олар таңғы сағат 06:40-та ұйқыларынан тұрып, екі күнді курсанттар секілді өткізбек. Жеңімпаздар мен қатысушылар облыстық білім бөлімінің грамоталарымен, арнайы кубок, медальдармен марапатталатын болады.

Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77