Социум

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов онлайн форматта халыққа есеп берді

Ағымдағы жылы шамамен 60 мың автокөлік бірлігін құрастыру жоспарланып отыр

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов облыстың 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, 2021 жылға бағытталған міндеттерді айқындады.

Өңір басшысы өткен жылды әлеуметтік-экономикалық дамудың оң көрсеткішімен аяқтағандығын жеткізді. Мәселен, өнеркәсіп өндірісі 7,4%-ға өсіп 1,5 трлн теңгені құраса, ауыл шаруашылығы көлемі 20,8%-ға жеткен.

Тау-кен өндіру секторында 562,9 млрд теңге өнімі өндірілген. Темір кені концентраты мен асбест өндірісі 7,9%-ға ұлғайды.

– Өңдеу саласының кәсіпорындары 868,8 млрд теңгенің өнімін өндірді. Айтарлықтай өсім машина жасау, металлургия өнімдері өндірісі, тамақ өнімдері өндірісі көлемдерінің ұлғаюы арқасында қамтамасыз етілді, – деді Архимед Мұхамбетов.

Машина жасау өндірісі 1,5 есеге өскен. Сала кәсіпорындары 392,1 млрд теңгенің өнімін шығарды. Бұл ретте жеңіл көлік құрастыру 1,5 есе, 10 және одан да кө адамдарды тасымалдауға арналған көліктер құрастыру 2,4 есе, жүк көдігін құрастыру 3 есе, трактор құрастыру 1,8 есеге ұлғайған.

– Жалпы, жыл қорытындысы бойынша, автоөнеркәсіп 40 мыңнан астам автокөлік шығарды, бұл 2019 жылдың қаңтар-желтоқсанына қарағанда 1,6 есе көп, ал 2021 жылы шамамен 60 мың бірлік автокөлік құрастыру жоспарланып отыр, – деді өңір басшысы.

Сонымен қатар, тамақ өнімдері 8,1 пайызбен 250 млрд теңгені құраған. Сары май өндірісінің көлемі 54,9%-ға, алкогольсіз сусындар 22,4%-ке, ұн 14,4%-ке, шұжық өнімдері 8,2%-ке, сүт және кілегей 8,0%-ке, нан 4,6%-ке өсті.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77