Образование

Қостанай облысының құрылғанына – 85 жыл толуына орай кітап көрмесі ашылды

Өңірге белгілі тарихшылар мен өлкетанушылар өңір тарихын кеңінен баяндап берді

Л.Толстой атындағы Қостанай облыстың әмбебап-ғылыми кітапханасында Қостанай облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай кітап көрмесі ашылды.

Қостанай облысы әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1936 жылы 29 шілдеде бұрынғы Қостанай мен Торғай губернияларының негізінде құрылған. Облыс орталығы Қостанай қаласы болса 1879 жылы құрылған.

Көрменің ашылуына А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Өңірлік университетінің тарихшылары және оқырмандар мен қатар тарих факультетінің студенттері келіп қатынасты.

Алғашқы болып сөз алған кітапхана басшысы Дариха Дюсибаева, карантин салдары кітапхананың да жұмысын тұралатып тастағанын айтты. Дегенмен, карантин жеңілдеп жұмыс жанданып, тура бір жылдан кейін оқырманмен қайта қауышқаны үшін қуанышты екенін жеткізді.

– Өткен 2020 жыл біз үшін өте ауыр жыл болғанын білесіздер. Кітапхана қызметі тоқсап, оқырман қабылдауға рұқсат етілмеді. Енді баршаларыңызды бүгінгі шарада көргенімізге қуаныштымыз. Биылғы жыл облыс үшін айтулы даталарға толы болғалы тұр. Ы. Алтынсарин бабамыздың туғанын 180 жыл, сонымен бірге Қостанай облысының құрылғанына 85 жыл толып отыр. Өңір тарихынан сыр шертетін құнды деректер біздің кітапхана мұрағатында сақталған. Солардың бірқатарын бүгін көрмеге қойып отырмыз. Алдағы уақытта оқырмандар өңір тарихымен кеңінен танысуларына болады. Сонымен қатар, сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтағымкеледі, – деді сөз соңында кітапхана директоры.

Өңірге белгілі ғалым, профессор Аманжол Күзембайұлы облысымыздың тарихн кеңінен қаузады.

– Мемлекеттің сапасы, сол елде тұрып жатырған халықтың сапасына байланысты. Ал халықтың сапасы оның тарихи санасыны тікелей байланысты. Тарихи сана бұл қоғамдық сананың негізі. Өкінішке қарай, біздің тарихи санамыз әлі де таяз. Өйткен себебі облыстың құрылғанына 85 жыл ғана толды деп отырмыз. Алайда, біздің тарихымыз өңір тарихы көңеде жатыр. Тарихымызды анау арқайымнан іздеуіміз керек, мық заманынан, адан бері келі қыпшақ қағандығы, біз солардың ұрпағымыз. Ол кезде әкімшілік құрылым қандай болды соны зерттеу қажет. Қимақ, қыпшақтар солтүстік өңірде 17 қала салған халық. Сібір хандығының биыл оның құрылғанын 800 жыл толып отыр, оны айтып жатырған ешбіріміз жоқ. Мемлекеттің негізін қалаушы Тайбұға, ертіс пен тобылдың арасы. Біз әлі ескі сарынмен келе жатырмыз. Кеңес үкіметі заманында шыққан кітаптардың барлығы қазақтың мүддесін қорғаған кітаптар емес. Жергілікті бірнеше өлкетанушылардың жазған кітаптары тек қана орыстардың келген кезінен ғана бастап жазған. Оның арғы жағында жөнді тарих болмаған сықылды. Сондықтан да осындай көзқарас өзіміздің арамызда болғаннан кейні, анау Мәскеуде отырған депутаттар ауыздарына келгенін айтады. Өйткені, олар білмейді, біздің айтқанымызға сенеді. Біз солай айтып жүрміз. Ең өкініштісі ата-бабамыз қалдырған жерлердің біразынан айырылып қалдық. Мәселен, Моңғолияға, Қытайға, Ресейге бізде қалыптасып қалған көзқарас бар, осы жақтан көшіп барыпты деген. Ал, енді Алтайдың арғы жағы мен бергі жағы қазақтың жері. Өз Алтай Түркі әлемінің Отаны екенін айтқым келеді, – деп қорытты Аманжол Күзамбайұлы.

Шара соңында келген қонақтар мен студенттер көрмемен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсігер Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77