COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

112806

Выздоровевших

126182

Зарегистрированных случаев

4776

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1945

Летальных случаев

События

Қостанай облысының тұрғындары кеші 22:00-ден кейін үйден шықпағаны ләзім

Медициналық және әлеуметтік нысандар күшейтілген дезинфекция режиміне өтпек

Қостанай облысының мемлекеттік санитарлық бас дәрігері Владимир Нечитайло төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар және уақытша шектеулер туралы мәлімет берді. Оның хабарлауынша, тұрғындардың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің бақылануы күшейтіледі.
Сонымен қатар, жаппай ісшараларға тыйым салынады.

– Әртүрлі халықаралық іс-шараларға саяхаттарға тыйым салынады, сауда және ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, фитнес-орталықтардың, кітапханалардың, компьютерлік клубтардың, диспансерлердің, бассейндердің, дамыту орталықтарының және өзге де қызметтер тоқтатылады. Медициналық мекемеге баруға тыйым салынады, барлық медициналық және әлеуметтік нысандар күшейтілген дезинфекция режиміне өтеді, – деді ол.

Сондай-ақ, діни орындарға намаз оқуға немесе ғибадат етуге баруға болмайды. Асханаларда, кафелерде, мейрамханаларда отбасылық мейрамдарды өткізуге шектеу қойылды. Саябақтарда үш-төрт адамнан артық жиналуға руқсат жоқ. Жалпы, сағат 22.00-ден кейін облыс тұрғындарына сыртқа шықпауға кеңес береді. Тек шұғыл қажеттілік туындаған жағдайда. Айталық, қоқыс шығару керек болса немесе дәріханаға барсаңыз.

– Тротуарлар, аялдамалар, автобустар әр рейстен кейін дезинфекцияланады. Өңірде 300-ден астам ресейлік өндірістің сынақ жүйесі бар, ал басқа күні тағы тесттер келеді. Бұл барлық адамдар үшін жасалынбайды, тек нұсқауларға сәйкес – науқас адаммен байланысқа түскен немесе 1-ші санаттағы елдерден келгендер. Нәтижесі 5-6 сағат ішінде анықталады, – деді Владимир Нечитайло.

Бетперделерге келетін болсақ, жетіспеушілік мәселесі бір апта ішінде шешілетін болады дейді ол. «Большевчика» өндірістік коперативі күніне 10 мың бетпердеден тігіп отырады.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77