Біздің Қостанай Спорт

Қостанай ойыншылары керлингтен 3 орынға ие болды

Алматыда ІV қысқы Жастар спорт ойындары аясында керлингтен жарыс өз мәресіне жетті

Қостанай қаласынын ойыншылары 3 орынға ие болды. Еліміздің 10 өңірінен 200 қатысушы жүлделі орындар үшін күресті. Олардың ең кішісі – 6 жаста, ал үлкені – 28 жаста. Жарыс төрт командалық ойын бойынша: ерлер, әйелдер, аралас командалар және аралас жұптар болып өтті. Қазақстанда керлинг сияқты қысқы спорт түрі жақында пайда болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қысқа мерзім ішінде отандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетті.

– Жақсы деңгейде ойнап, жартылай финалға өттік, қарсыластарымыз да осал болмады. Шығыс Қазақстан облысымен аралас командалар ойыны бойынша 3-4 орынға күрестік, 7:2 ұпаймен жеңіп шықтық. Біздің еліміздегі керлинг пандемиямен байланысты үзілісті де бастан өткерді, бірақ мүмкіндігінше жаттығулар жасауға тырыстық, сондықтан бұл спорт түрі жақсы дамып жатыр деп ойлаймын, – дейді Қымбат Сулеймен.

Керлинг Қазақстанда өте қарқынды дамып келеді – рейтинг бойынша басқа елдерге қарағанда 17 есе жылдам. Алматы – сөзсіз көшбасшы, Қостанайлық ойыншылар да қалыспайды.

Айта кету керек, Қазақстанның барлық облыстарында балалар тегін айналысады. Керлинг Федерациясы мемлекеттің қолдауымен жалдау ақысын төлеуге және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Керлинг – жоғары дәлдікті талап ететін спорт түрі, мұнда мұз жамылғысына ерекше талаптар қойылады. Екі жыл ішінде облыстық команда ішкі аренада өзін жақсы жағынан таныта білді. Оған қоса қазіргі сәтте қаламыздың керлинг командасына 9-15 жас аралығындағы бастапқы дайындық тобын қабылдау болып жатыр.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған керлинг ойыншылары


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77