Бүгін Заречное ауылындағы «Арғымақ» иппадромында балалар арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.
Аталмыш шара балалар күніне орай ұйымдастырылып, оған «Ұлттық спорт түрлерінен балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мұрындық болды.
– Бүгінгі жарысқа барлық спорт түрінен 107 бала қатысты. Жарыс барысында балалар қыз қуу, тоғызқұмалақ, садақ ату, қазақша күрес сынды спорт түрлерінен бақ сынасты. Спорт түрінің ерекшелігіне сай арнайы жас аралығы белгіленген. Мәселен, қазақ күресінен 2015-2016 жылы туған балалар арасында өткізілсе, тоғызқұмалақтан 9-15 жас, ал қыз қууға 14-17 жастағы жасөспірім қатысты. Сонымен қатар, дәстүрлі садақ атудан 10-16 жастағы жеткіншектер өзара сайысты, – дейді ұйымдастырушылар алқасы.
Қостанай облыстық «Сақ» садақ ату федерациясының жеткіншетері де жарыста өз бақтарын сынаған. Олар 10-20 метр қашықтық арасында нысанаға дәл көздеу керек болды. Нәтижесінде 10 метр қашықтық бойынша, І-орынды Салима Макенова жеңіп алды. Ал 15 метр қашықтықта І-орынды Нұрсұлтан Тұрсын мен Адия Айтуған иемденсе, 20 метр қашықтықта Ерали Алмасов І-орынды місе тұтты.
Гүлжан БӨЛЕГЕН,
суретті ұсынған ұйымдастырушылар
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77