ЖКХ

Қостанайда 15 ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Қостанай қаласында тарихи және мәдени нысандардың қатарындағы 15 ескерткішке ағымдағы жылы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұл жұмысты MgGroup жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқарады. Бөлінген қаражат көлемі – 5 117 747,42 теңге. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 10 шілдесіне дейін аяқталуы тиіс. Мердігер мекеме өз жұмысына 3 жылдық кепілдік береді. Қалпына келтірілетін ескерткіштер қатарында мынадай танымал тұлғалар мен тарихи оқиғаларға арналған мүсіндер бар.
• Ыбырай Алтынсарин,
• Ахмет Байтұрсынұлы,
• Камшат Доненбаева,
• Қазыбек би,
• Леонид Беда,
• Қобыланды батыр,
• Амангелді Иманов,
• Александр Пушкин,
• Азамат соғысы жылдарында қаза тапқандарға арналған мәңгілік ескерткіш,
•  6 декоративті ескерткіш.
Жөндеу аясында гранит плиталармен қапталған қабырғаларды қалпына келтіру, бетон бетін ескі бояудан тазарту, бетон жабындарын шлифовкалау, плиталардағы жарықтарды бітеу сияқты  жұмыстар атқарылады.
Айта кету керек, біз мердігер мекемеге жасалатын нақты жұмыстар бойынша сауал жолдаған едік.
– Барлық мәліметті мемлекеттік сатып алу порталында ашық жарияланғанын және сол жерден танысуға болады, – деп MgGroup ЖШС басшысы жауап берді.
Бұл бастама Қостанайдың тарихи келбетін сақтау мен мәдени мұраларды келер ұрпаққа жеткізу бағытында қолға алынып отыр.
Аяжан СЕРІК,
сурет архитен алынды

Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77