Социум

Қостанайда 30 отбасына көмек көрсетілді

Көп балалы аналар мен жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратылды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ұйғаруымен еліміз бойынша барлық өңірлерде «Көшпелі  керуен» атты қайырымдылық науқаны басталды. 

Қостанай облыстық мешіті де осы игі шараны қолдап, қала бойынша 30 мұқтаж көп балалы аналарды, жағдайы төмен отбасыларды арнайы шақырды. 

Оларға азық-түлік жөнінен көмек көрсетті. Бұл өзгелерге қай жағынан болсын өнеге болары даусыз. Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын таба береді деген үміттеміз. 

Жоғарыда аталған мешіт ұжымы осындай қайырымы мол істерді насихаттауға да айрықша көңіл бөледі. Соның бір жарқын айғағы ретінде наиб имам Әлішер Ертайұлы қаладағы «Қазақстан-Қостанай» және «Алау» телеарналарына арнайы сұхбат беріп, қайырымдылық жайлы кеңінен әңгімеледі.

– Қайырымдылық ұлы іс. Қай кезде де қиналған жанның қасынан табылып, көмек қолын созған жанның алар сауабы мол. Қолынан келгенше көмек көрсету әр кімнің адамгершілігі мен кеңпейілділігінің көрінісі, – дейді облыстық мешіттің аппарат басшысы Қанат Орынтай.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77