Біздің Қостанай В ритме города

Қостанайда Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілген бірнеше ғимарат бар

«Көше тарихы» жобамыздың келесі көшелердің бірі Ахмет Байтұрсынов көшесі. Қала орталығында орналасқан, қаламыздың көркіне айналған көше. Бұл орталықтан келген қонақтарың барлығы жүргендігі анық.

Көше бойында орналасқан Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті, оның басты көрікті жерлерінің бірі – Сағат мұнарасы және бірнеше тарихи ғимараттар орналасқан.Байтұрсынов көшесі Қостанайда жақында – 1998 жылғы 17 шілдеде пайда болды. Бұрын оның тағы екі атауы болған, алдымен Соборная көшесі, ал революциядан кейін ол Советская көшесі деп өзгертілді.

Айта кететін жайт, қаламызда Ахмет Байтұрсынов атында тек жоғарғы оқу орны ғана емес, сонымен қатар мұражай да бар. 2022 жылғы 28 маусымда Қазақстан Үкіметінің Қаулысымен Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді. Қазір облыс мәслихатының депутатары әуежайда Ахмет Байтұрсыновқа арналған виртуалды музей пайда болуы үшін бірқатар жұмыстар атқарылуда.

19 ғасырдың аяғында А.Байтұрсынов көшесінде Әулие Никольский соборы болған. Содан кейін 1937 жылы 20 ақпанда Қостанай қалалық Кеңесінің Төралқасы үш жыл бойы істемей тұрған және жабық тұрған әулие Николай соборының ғимаратын бөлшектеуді шешті. Сонымен қатар кірпішті жаңа құрылысқа пайдалану туралы, ал ғимарат алып жатқан аумақты жаңа саябақ аймағына қосу туралы шешім қабылданды. 1998 жылдың 17 шілдесінде ғана қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясының шешімімен көшеге Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді.

Ахмет Байтұрсынов ескерткіші 2000 жылы орнатылды. Мүсіннің биіктігі 2 метр, мыстан жасалған және гранит блоктарымен қапталған. Оны жасаған мүсінші Төлеген Сәбитұлы Досмағамбетов. Ескерткіш университет қасында орналасқан.

Көшенің орталық бөлігі әрқашан көзге түседі, бірақ жеке секторларында не болып жатқандығы белгісіз. Байтұрсынов көшесінің орналасуы және ондағы үйлердің нөмірленуі ретсіз, өйткені бұл қалалық артерия үзік-үзік, ал нөмірлеу ретсіз. Көше Дощанов көшесінің қиылысында басталады, №1 үйді жүз жылдан астам уақыт қалалық монша алып жатыр.

– 2021 жылы біз жөндеуге жабылдық, содан кейін 1 мамырда қайта ашылды. Келетін адамдар өте көп, әрқашан адам толып тұрады. Тіпті, бұл моншада кейбір тұрғындардың арғы аталарына дейін келген, – дейі монша қызметкерлерінің бірі.

Бастапқыда бұл ғимаратта ат қора болды, содан кейін ол моншаға айналды. Ұлы Отан соғысы кезінде болашақ әскери қызметшілер майданға жіберілмес бұрын осында жуынған. Мұнда қаншама адамның тағдыры, әңгімелері жатыр, тіпті елестету қиын…

№1 үйдің дәл қарсысында № 22 ғимарат орналасқан. Көріп отырғаныңыздай, бұл көшенің нөмірленуі логикаға қонымсыз. Жақын жерде №2А – «Баспа үйі». Айта кететін жайт, біз № 3 үйді таба алмадық, тіпті картада да жоқ. Дегенменде, бұл көшеде үлкен коттедждер де, қарапайым тұрғын үйлер де, 100 жылдан астам тарихы бар ғимарттарда бар.

Жазда қала орталығында серуендеп жүретін жандар көп. Күн сәулесінен жоғарғы оқу маңындағы үлкен ескі қарағайлардың астында паналай аласыз, ал көктемде әр қостанайлық сағат мұнарасының жанында өсетін гүлденген алма ағаштарының жанына суретке түседі. Айтпақшы, екі ғимараттың да бай тарихы бар.

– Қостанай өңірлік университетінің бас ғимараты Байтұрсынов көшесі, 47 мекенжайы бойынша 1936 жылы тұрғызыла бастады. Тек ол кезде облыстық халық депутаттары кеңесінің үйі болатын. Құрылысты 1937 жылы аяқтау көзделген. Алайда ол алты жылға созылды, кірпіш, цемент, темір жетіспеді. Құрылыс кезінде қираған Әулие Николай соборының қалған кірпіші ішінара пайдаланылды. 1938 жылға қарай Кеңестер үйінің жобасы қалалық кеңеске арналған және облыстық мақсатқа сәйкес келмейтіні анықталды. Тек 1941 жылдың 12 желтоқсанында барлық жұмыстар аяқталды. Қазір бұл университет ғимараты, 1939 жылы құрылған. Ахмет Байтұрсыновтың есімі оқу орнына 1996 жылы сәуірде берілді. Ал 2023 жылы 25 тамызда Ахмет Байтұрсынұлы деп өзгертілді, – деді Қостанай облыстық тарихи – өлкетану мұражайының қызеткері.

Сағат мұнарасы Байтұрсынов көшесі, 55, сондай-ақ өте қызықты ғимарат. Ежелгі заманнан бері мұнара сағаттары қаланың ерекше жүрегі және оның басты символы ретінде қабылданды. Жобаның авторы сәулетші Иосиф Иосифович Исаков. Оның жобалары бойынша біздің қаламызда: облыс әкімдігінің ғимараты, Бас пошта кешені, орталықтағы алғашқы 9 қабатты үйлер салынды.

Көшенің жалғасы орталық базардан өтеді. Бір қызығы оны қала тұрғындарының көбісі біле бермейді екен. Оған қоса «продам» деген жазулар өте көп. Үйлердің көбісі ескі, тіпті бір ауылға келген сияқты сезімде болады екенсін.

Бұл көшеде 20 ғасырдан қалған қалалық қазынашылық ғимаратыда орналасқан. Қазір бұл ғимарат мемлекет қорғауында. Сонымен қатар, ескерткіш тақталарда көп. Байтұрсынов, 49 көшесінде 1960 жыдан 2000-шы жылға дейін көрнекті шахматтың ілімгері және Қостанай қаласының «Құрметті азаматы» Анатолий Уфимцев тұрған. Дәл осы үйде Ұлы Отан соғысының ардагері, ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Василий Горбачев тұрған.

Ал қазіргі Балалар көркемөнер мектебінің ғимаратында Социалистік Еңбе Ері, Қостанай қаласының құрметті азаматы, Қостанай облыстық комитетінің бірінші хатшысы Андрей Бородин тұрған. Сағат мұнарасы ғимаратында 1986-2006 жылдар аралығында Ұлы Отан соғысының ардагері, облысымыздың сот жүйесінде аты аңызға айналған Қостанай халық сотының судьясы Шақар Ботаханова тұрған. Бірақ ескерткіш тақтаның күйі нашарлау, құстар тышып кеткен. Қала орталығындағы бірден көзге түсетін жерлердің бірінде осындай көріністі көру жаман екен.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77