ЖКХ

Қостанайда алдағы жылдары жылу құны қымбаттамайды

Кәсіпорында инвестициялық бағдарламалар аясында 15 жобажүзеге асырылған

Жылу құны алдағы уақытта қымбаттамайды. Айтар болсақ, шекті тарифтердіңбесжылдық жоспары аяқталуға таяу.Осыған байланысты жылу жүйесінің мамандары келесі жылдарға арнап,табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментіне жаңа өтінім дайындап жіберген. Бірақ онда жылу тарифінің қымбаттауы жөнінде жазылмаған деп түсіндірді «ҚЖЭК» КММ басшылығы.

– Бүгінде жылу компаниясының қызметтерінің құны 2015 жылдың деңгейінде тұр яғни, 4 210,39 теңге/Гкал. Көктемде елдегі індетке байланысты амортизациялық жөндеу шығындарын азайтуға тура келгендіктен, тариф құны төмендетілді. Бұдан бөлек, елде Төтенше жағдай жарияланған тұста, біз тағы тұтынушылардың барлық санаттыр үшін тиімті шаралар жасадық. Онда, уақытылы төлемегендерді, берешегі үшін жылу жүйесінен ажыратылғандарға өсімпұл тағайындамадық, керісінше өтеу кестесін ұсындық. Халықтың осал топтарына жергілкті бюджет есебінен 254 пәтер бойынша 17,3 млн теңгеге қызмет ішінара төленді, – деп атап өтті «ҚЖЭК» КММ-нің басшысы Асқар Бекпағанбетов.

Тарифтердің төмендеуіне және жоғары дебиторлық берешектің 729,4 млн теңгеге шығып кеткеніне қарамастан, мекеме пайда табуға қол жеткізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде кәсіпорын өзіне зиян тигізбейтін жұмыс істей бастаған. Бұл қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған белсенді қызмет жүргізуге мүмкіндік бермек.

– Өткен жылы кәсіпорында инвестициялық бағдарлама аясында 2,659 млн теңгенің 15 жобасы жүзеге асырылды. Жылу көздерінде жабдықты күрделі жөндеу жұмысы жоспарлы жүргізілуде. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында 2,304 млрд теңге көлемінде жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, ЕҚҚ және даму банкімен «жылу жабдықтау жүйесін жаңғыртудың» бірлескен жобасы іске асырылуда. Онда 21 ісшараны жүзеге асыру қарастырылған. Қазіргі таңда, олардың 14-і аяқталды, қалған жетеуі жүзеге асу үсітнде, – деп толықтырды кәсіпорын басшысы.

Жоғарыдағы жұмыстарға ЕҚДБ «ҚЖЭК»МКК-ге 3,700 млн теңге бөлген, оның 2 894,8 млн теңгесі игерілді. Оның ішінде, республикалық бюджет арқылы 1 038,3 млн теңге өтсе, жергілікті бюджеттен 1 028,5 млн теңге бөлінді. Дегенменде, жобалар бойынша көлемді істі компания өз күшімен атқарған.

Аталмыш жобалардың ішіндегі ең қымбатқа түскені №2 қазандық аумағында орналасқан электр энергиясын өндіретін жабдық болып табылады. Мұнда миллиаррд теңгеден астам қаржыға екі бу турбинасын салу көзделген.

– Осының арқасында №2 Қазандық ЖЭО-ға айналады, яғни ол электр және жылу энергиясын өндіретін болады. Жыл сайын мұнда біз KEGOC-тен шамамен 120 млн теңгеге 10 мың киловатт сағат сатып аламыз. Қазандықта өзіміздің турбинаның пайда болуы бұл шығындарды толығымен жабуы тиіс, – деп түсіндірді «ҚЖЭК» МКК директоры Асқар Бекпағанбетов.

Сонымен қатар, құрылғы тосыннан табиғат апаты болып электр қуаты жоғалған тұста, бұл КСК шағын ауданын ыстық сумен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Естеріңізде болса сәуір айында тосыннан боран соғып қала тұрғындарын әбігерге салған болатын. салдарынан қуат көзі жоғалып, ыстық сусыз қалған үйлер болған еді. Ал, қала орталығында ондай жағдай орын алған жоқ. Яғни, жабдықты қайта құрғанның пайдасы болды.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77