Новости События

Қостанайда «Қариясы бар елдің қазынасы мол» деп аталатын мерекелік рухани кеш өтті

Онда «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы Мәуліт мерекесіне орай құттауын білдіріп, Пайғамбарға салауат айтудың маңыздылығына тоқталды

Қостанай облыс орталығындағы зәулім «Сұлтан сарайы» мейрамханасында ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне арналған «Қариясы бар елдің қазынасы мол» атты мерекелік рухани кеш өтті.

Оған белгілі дін қайраткерлері, қажылар, зиялы қауым өкілдері және ақ сақалды қарттарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз қатысты. Бахытбек қажы Нұрғабылұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен қала аудан бас имамдары үлкен дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Бұл мағыналы кеште арқалықтық дарынды, өнерлі бала Дінмұхаммед Бектұрсынұлы илләһи әнді, Жасұлан Махат термені аса бір шеберлікпен орындады.

Кешке арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлы Мәуліт мерекесіне орай құттауын білдіріп Пайғамбарға салауат айтудың маңыздылығына тоқталды.

Осы жиында даңқты жерлесіміз Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері кейінгі жастарға үлкен тағылым болар «Қайырым жаса», «Молда мен шәкірт» деп аталатын сахналық көріністерді көпшілік назарына ұсынды.

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша өңірдегі аудан мен қалалардың имамдары ұйымшылдық көрсетіп, Мәуліт шарифін орындады.
Мәуліт мерекесінің соңында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет мешіт жанашырларынан игі шараларды атқарудағы белсенділіктері үшін естелік сый-сыйапат жасады.

 

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77