Біздің Қостанай Социум

Қостанайда қате жазылған көше жарнамалары тексерілді

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және «Жас отан» жастар қанатының және және Қостанай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өкілдерінің қолға алуымен Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңында «Жаңа көшеге – таза жарнама» атты жастар акциясын ұйымдастырды. 

Ал, көздегендегі негізгі мақсаты – тілді қолдану саласындағы заңнамалардың сақталуын жіті қадағалау. Тіл тазалығы баршаға ортақ іс екенін қала тұрғындарына түсіндіру. Сыртқы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндерінде кездесетін қателіктерді болдырмау. 

– Тіл мерекесі қарсаңында қолға алынған акция болып табылады. Бұл шараны Қостанай облыстық тілдерді дамыту басқармасы және Қостанай қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе отырып жүзеге асырудамыз. Шара барысында қаламыздағы жаңа есімді иеленген Гагарин көшесіндегі сыртқы жарнамалар мен ақпараттық тақталары ілінген нысандарға барып қате бар, жоқтығын анықтайтын боламыз. Егер олқылық анықталатын болса, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, екің аптада уақыт ішінде дұрыстауы керек жөнінде ескертпе қағазын толтырамыз. Кейін межелі уақыт жеткен шақта қайта барып тексеретін боламыз, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Абай Жүсіпов.

– Өздеріңіз білетіндей 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні. Осы мереке қарсаңында «жаңа көшеге – таза жарнама» жастар акциясына қатысудамыз. Дегенмен де, өкініштісі жарнамалардың көбінде қателер анықталуда.  Тіл дамыту орталықтарының маманы нысан иелеріне ескерту жасайды. Ал, біздің тараптан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қала жастарын сауаттылыққа шақыру, – дейді «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Мәди Төкешов.   

Аталмыш шара барысында, «Рыбацкий домик» нысанындағы «дүкен» сөзі, «дұкен» деп жазылып кеткен. Ал, фаст-фуд өнімдерін сататын дүңгіршекте тек ақпарат орыс тілінде ғана жазылған, мемлекеттік тілде ақпарат жоқ. Ал, ҚР тіл туралы Заңының 21-бабында жарнамалар мен ақпараттар мемлекеттік тілде және орыс тілінде жазылады деп анық көрсетілген.

Гагарин көшесінің бойында орналасқан «Ирина» нысанында «мода ательесі» деп жазылып, көрсетілетін қызметтер түрі тек орысша тілде берілген. Негізінде «сән ательесі» десе дұрыс болар еді. Нысан иесінің айтуынша жарнама агенттігіне тапсырысты өзі беріп, кейін мемлекеттік тілде жазылған сөздің дұрыстығын ешқайда тексертпеген. Дегенмен де, ескертуді елеп, олқылықтың орнын жоюға уәде берді. 

Сол көшедегі «Анюта» сауда нысанының қабырғасында жарнаманың бірнеше түрі ілулі тұр. Оның арасынан тек орысша тілде жазылған ақпарат үшін нысан иесіне тіл дамыту орталығын мамандары ескерту жасап еді, қожайыны бірден жарнама қағазын өкілдердің көзінше алып тастады. Айтуынша ол бұрыннан ілінген көрінеді, қазір қажеті жоқ екен. 

Келесі кезекте көтерме сауда орталығына барған шара қатысушылары «Рыбный мир» балық сататын дүкендегі «балықтар әлемі» сөзінің, «бабалықтар әлеміне» айналып кеткендігін байқады. Нысан иесіне қалай жызылатындығы жөнінде түсіндірілді. Осы сауда нысанын жанаса орналасқан «Обновочка» дүкенінде «одежда, обувь» сөзінің қазақшасы «киімі, аяқ киімі» деп дұрыс жазылмағандығы анықталды, анығында соңғы «і» әріптері артық қойылған болатын.

Осылайша шара барысында көптеген нысандардағы қателерге ескертулер жасалып, 2 апта уақыт ішінде жөндеулері керектігі түсіндірілді. Кейін белгіленген уақыт өткен соң мамандар қайта келіп тексеріс жүргізетін болады. 

Тіл дамыту орталығы өкілінің айтуынша айыппұл салу Заңда қарастырылмаған. Тек ескертумен шектелеміз дейді. Осының себебінен көп нысан иелері ескертуді елемей жатады екен. 

Кім білсін? жарнамадағы әр қате жазылған әріп үшін, қомақты айыппұл салынар болса, мұндай өрескел тіл тазалығын бұзушылық болмас па еді…

Сералы МЫРЗАБАЙ

Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77