Социум

Қостанайда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Бүгін, 15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай орталықта ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл шара Наурыз мейрамын тойлау онкүндігі аясында өткізілді.

Жәрмеңкеге жергілікті өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Сатушылардың айтуынша, бұрын жәрмеңкеге келушілер көп болса, қазір олардың саны жыл сайын азайып келеді.

— Біз бұл жәрмеңкеге жыл сайын қатысамыз. Бұрын адамдар көп келетін, қазір халық азайып кеткенін байқаймыз. Дегенмен, тұрақты сатып алушыларымыз бар. Бағаларымыз нарықтан төмен, өнімдеріміз экологиялық таза, – дейді сатушы Гульмира.

Азық-түлік бағалары:

• Бал – 2500 теңге
• Жұмыртқа – 430-450 теңге (ондық)
• Өсімдік майы:
• «Боровское» (1,5 л) – 1050 теңге
• «Родное» (5 л) – 2950 теңге
• «Oil Sunny» (5 л) – 2800 теңге
• Ұн («Отан») (5 кг) – 1200 теңге
• Сүт өнімдері:
• Сүзбе – 800 теңге
• Үй айраны (1,5 л) – 1000 теңге
• Ет бағалары:
• Үйрек еті (1 кг) – 2400 теңге
• Бройлер (1 кг) – 1500 теңге
• Күркетауық (1 кг) – 1500 теңге
• Тауық еті (тұтас) – 900 теңге
• Шошқа еті (1 кг) – 1800 теңге
• Шұжық – 3500 теңге
• Жылқы еті (1 кг) – 2700 теңге

Сонымен қатар, жәрмеңкеде картоп (1 кг – 150 теңге), Алматыдан әкелінген алмалар (1 кг – 590 теңге), түрлі бал өнімдері сатылды. Сондай-ақ, ұлттық әшекейлер, тоқыма сөмкелер, қолөнер бұйымдары көпшіліктің назарын аударды.

— Мұндай жәрмеңкелер халыққа өте тиімді. Бағалар дүкендегіден арзанырақ, әрі өнімдер жаңа, табиғи. Мен бүгін картоп пен ет алдым. Бірақ жәрмеңкеге жиі келетіндер азайып кеткені рас, бәлкім, көбірек жарнама жасалуы керек шығар, – дейді қала тұрғыны.

Жәрмеңкеге келгендер сапалы әрі қолжетімді өнімдерден қалағанын таңдап алу мүмкіндігіне ие болды.


Аяжан СЕРІК,

суреттерді түсірген Абиль ДОЩАНОВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77