Бүгін, 19 сәуір күні Қостанай қаласының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – жергілікті халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету.
Жәрмеңкеге Қостанай облысының аудандары мен қалаларынан 128-ден астам адам өз өнімдерімен қатысты. Сауда қатарларында ет, сүт, көкөніс, бал, ұн және түрлі бакалея өнімдері ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер – өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің тынымсыз еңбегінің нақты көрінісі. Бағалар нарықтағыдан 15–30 пайызға төмен болғандықтан, тұрғындар экологиялық таза әрі табиғи өнімдерді тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетерлігі, Наурыз айында өткен жәрмеңкемен салыстырғанда кейбір өнімдер 50–100 теңгеге қымбаттаған. Бұл өзгерісті сатып алушылар да байқаған.
— Біз жыл сайын осындай жәрмеңкелерге қатысамыз. Халықтың қызығушылығы азайып бара жатса да, тұрақты келушілеріміз бар. Біздің өнімдер экологиялық таза, бағаларымыз да қолжетімді, – дейді сатушылардың бірі.
Азық-түлік бағалары:
• Бал – 2000-2500 теңГелен басталады
• Жұмыртқа – 400–450 теңге (ондық)
• Сүт өнімдері:
• Сүзбе – 900 теңге
• Үй айраны (1,5 л) – 1050 теңге
• Ет және ет өнімдері:
• Үйрек еті (1 кг) – 2400 теңге
• Күркетауық (1 кг) – 1500 теңге
• Тауық еті (тұтас) – 900 теңге
• Шошқа еті (1 кг) – 1800 теңге
• Шұжық – 3500 теңге
• Жылқы еті (1 кг) – 2700 теңге
• Сиыр фаршы – 2500 теңге
• Шошқа фаршы – 2100 теңге
• Күркетауық фаршы – 1350 теңге
• Көкөніс пен жемістер:
• Картоп – 155 теңге/кг
• Пияз – 160 теңге/кг
• Сәбіз – 120 теңге/кг
• Қияр – 690 теңге/кг
• Қызанақ – 1200 теңге/кг
• Алматыдан әкелінген алмалар – 580 теңге/кг
— Мұндай жәрмеңкелер халық үшін өте пайдалы. Бағалар дүкендегіден әлдеқайда арзан. Өнімдердің сапасы да жақсы. Мен бүгін жұмыртқа, ет пен картоп алдым, – дейді қала тұрғыны.
Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77