Біздің Қостанай Социум

Қостанайда қазақ тілін заманауи түрде дамыту қолға алынды

«TikTok House» бейне-контент жасауға бағытталған бірегей алаң


21 қарашада Астана қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Ел Бірлігі: TikTok house» жобасы басталды.

Ағымдағы жылдың 18 желтоқсанына дейін жалғасатын жобаның бастамашысы және іске асырушысы «Қоғамдық келісім»РММ болып табылады.

«TikTok House» жобасы жалпымәдени және жалпытарихи құндылықтарды, мәдениетаралық диалогты дамытуға, қазақстандық этностарды «әртүрліліктегі бірлік» қағидаты бойынша біртұтас ұлтқа интеграциялауға, оның ішінде қазақ тілін үйрену және елдің қоғамдық дамуының 100 өзекті тақырыбы бойынша бейне-контент жасауға бағытталған бірегей алаң құруға бағытталған.

«TikTok House» – бұл блогерлер ортақ мазмұнды жасайтын, қысқа бейнелер түсіретін және оларды #qogam_life ортақ хэштегі бойынша tiktok беттеріне орналастыратын орын.

Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 200-ге жуық жастар, оның ішінде этномәдени бірлестіктердің, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысады.
Жоба барысында инновациялық технологиялар мен оқытудың жаңа форматтарын пайдалана отырып оқыту әдістемесін қолдану арқылы қазақ тілін меңгеру деңгейін арттыру көзделген. Қазақ тілін оқыту үшін кәсіби спикерлер шақырылады, олар өз кейстерімен және тәжірибелерімен бөліседі.

Сондай-ақ, SMM-мамандарды, фотографтар мен мобилографтарды шақыру жоспарлануда, олар қатысушыларға заманауи бейне және фотографияны игеруде шеберлік сыныптарын өткізеді.

Қостанай қаласынан да 10 қатушысы 1 апта көлемінде Астана қаласында болып, түрлі видеолар түсіріп, басқа да хаустардың қатысушыларымен кездесіп қайтты. Оған қоса түрлі кездесулер мен тәжірибе сағаттары да өтті. Олар өз хаустарының атын «On house» деп қойған екен. Неліктен бұл атауды таңдағандарын сұрағанда, қатысушылар біріншіден ағылшын тілінде on/off дегеннің іске қосу деген мағынасында, ал екіншіден хауста 10 адам бар және бастапқы себебі Қостанай қаласы 10 регион деп жауап берді.

– Бейнероликтерді түсірудің басты мақсаты – қазақ мәдениетін, мемлекеттік тілді насихаттау. Әрине, біздің жасап жатқанымыз жастардың көзімен, бір сөзбен айтқанда заманға сай насихат деп те айта аламыз. Бұл жұмысты өз қаламызда да ары қарай жалғастыратын болатмыз, – дейді Жанна Қапсұлтанова, Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының этносаралық қатынастар және консультативтік-кеңесші органдармен жұмыс саласындағы талдау және мониторинг бөлімінің басшысы.

– Бұл жоба өте жоғары деңгейде өтті. Барлық жағынан ұйымдастырушылар жақсы жұмыс істеген. Негізі біз барған кезде контект түсірумен айналыстық. Мысалы, фильм түсіргенде командада режиссер, актер, оператор, сценарист болса, бізде де дәл солай құрылған. 10 қатысушының барлығы экран алдында жүрген жоқ. Бұл бір апталық жұмыс біздің ары қарай бірігіп, идея құрып жұмыс жасауымызға септігін тигізді. Әрбір адамның өз рөлі, өз орны болғаннан кейін, барлық жұмыс жеңіл жүрді. Қостанай облысының атынан барғаннан кейін біздің әкімдік, жастар орталығы біздің жұмысымызды қадағалап отырды. Олардың пікірі оң жағынан болғандығы қуантады, ол дегеніміз істеген ісіміз зая кетпеді. Енді олар қолдау көрететіндігін айтып жатыр. Яғни, бізбен ары қарай жұмыс жасағысы келеді. Жақын арада кездесу өтіп, сол жерде барлығы шешіледі. Дегенменде кездесуді күтіп жай жүрмей, өзімізде бірнеше видео түсіріп тастадық. Өйткені Қостанай қаласында мүлдем болмаған «TikTok House» деген түсінікті алып келдік деп айтсақ болады. Мұның өзі үлкен жауапкершілік емес пе, басын бастап, тастап кету де дұрыс емес. Қазір ары қарай жұмыс істеу үшін демеушілерді іздестіріп жатырмыз. Өйткені өздеріңіз білетіндей коттедж жалдап, түсіретін құрылғылар дайындаудың өзі үлкен қаражат, – дейді қатысушылардың бірі, А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ 3 курс студенті Ернар Сапабек.

Қазір Tik Tok-жетекші қосымшалардың бірі. Осы әлеуметтік желіден пайдаланушылардың музыкалық бейнелерді түсіруге, оларды өңдеуге, арнаға орналастыруға, хабар таратуға және хабар алмасуға мүмкіндігі бар. TikTok-Қытай нарығындағы көшбасшы, сонымен қатар бұл қосымша 155 елде қол жетімді. Жастар арасында кез келген контентті түсінікті етіп жеткізетін де осы қосымша.

Аяжан СЕРІК,
суретті ұсынған
«On house» қатысушылары


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77