Біздің Қостанай

Қостанайда азаматтық форум өтті

Бүгінгі таңда Қостанай облысында 1029 үкіметтік емес ұйым бар, ауылдық ҮЕҰ үлесі тұрақты өсуде

Қостанайда алғаш рет жергілікті билік ұйымдастырған азаматтық форум халықаралық мәртебеде өтті.

Оған Бельгия, Ұлыбритания, Нидерланды, Грузия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Франция және Украинаның коммерциялық емес ұйымдарының дипломатиялық корпустарының екі жүзге жуық өкілдерін, Қазақстанның мемлекеттік органдары мен БАҚ өкілдерін жинады. Форум жұмысына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Данияр Қадыров қатысты.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында 1029 үкіметтік емес ұйым бар, ауылдық ҮЕҰ үлесі тұрақты өсуде.

– Азаматтық сектор өз табиғаты бойынша қоғамның әртүрлі секторлары арасында делдал рөлін атқаруға, проблемаларды анықтауға және жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделерін зерделеуге арналған,. Азаматтық форум жұмысының қорытындысы біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыру үшін ҮЕҰ-ның мемлекеттік органдармен әлеуметтік әріптестігін дамытудағы жаңа кезең болуы тиіс, – деп атап өтті пленарлық отырыс барысында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Еран Спанов.

Халықаралық қоғамдастық, бизнес-қоғамдастық, азаматтық қоғам, сондай-ақ жергілікті билік органдары арасындағы үшжақты ынтымақтастық нәтиже беретіні туралы Қазақстандағы Нидерланды Корольдігі елшілігі басшысының орынбасары Наут ванн Вауденберг форумда айтты. Оның айтуынша, елшіліктің мұндай ынтымақтастыққа жәрдемдесу тәжірибесі бар.

Форумның екінші бөлігінде қоғамдық және азаматтық бақылау және мониторинг, БАҚ-пен өзара іс-қимыл және үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыру саласындағы бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелеріндегі халықаралық әріптестік бойынша диалог алаңдары өтті. ҮЕҰ өкілдері пікір алмасуға мүмкіндік алды, ұзақ мерзімді бірлескен қызмет үшін бірқатар ұсыныстар әзірленді.

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Абылай хан Кәкеновтың айтуынша, бұл тақырыптардың барлығы бүгінгі таңда өзекті. Азаматтық белсенділікті дамыту саласында жұмыс істеуді үйрену үшін барлық халықаралық алаңдарды пайдалана білу – форумның басты міндеті.

– Қаржыландыруды бөлу және диалог алаңдарын өткізу жеткіліксіз, сондай – ақ бізде бар озық тәжірибені пайдалану да маңызды. Біз өз алдымызға бірқатар міндеттер қоямыз: волонтерлік процеске, азаматтық қоғамды, ҮЕҰ-ны дамыту жөніндегі алаңдарды ұйымдастыруға жаңа көзқараспен қарау. Біздің үкіметтік емес ұйымдарымыздың өкілдері белгілі бір тар салада өз ұсыныстарын, түсініктемелерін беретін қоғамдастық сарапшылары болуы үшін мүмкіндік жасауға тырысу. Әрине, маңызды міндеттердің бірі – халықаралық форумның қорытындысы негізінде мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылын жетілдіру, – деп есептейді Абылай хан Кәкенов.

Бұл форумда тек мамандардың көзқарасы ғана емес, оған қоса қатысушылардың да ойы аса маңызды аспектке айналды. Түрлі тақырыпта диалог аланың құрып, жоғары деңгейде жан – жақты талқылау жұмыстары өтті.

Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77