Социум

Қостанайда «Біз біргеміз» акциясы жалғасын табуда

Көмекке зәру жандарға азық-түлік қоржындары таратылып жатыр

Елімізде кең етек жайып отырған коронавирус дертіне байланысты өңірімізде карантин режимі жарияланғаннан бері көмекке зәру жандарға қамқорлық жасалып жатыр. Осындай игі шаралардан облысымыздағы мешіттердің қызметкерлері де тыс қалмады. Қоларынан келгенше азық-түлікпен көмек көрсеткені баршаға мәлім.

Қостанай облысы бойынша карантин басталғалы бері 124 рет қайрымдылық жасалып, 2 819 отбасына азық-түлік қоржыны табыс етілді. Жалпы, осы мақсатқа 4 жарым миллионның қаражаты жұмсалды.

Осындай көптеген қайырымдылық шараларына мұрындық болып жүрген облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы:

– Осы арада жаны жомарт, әрдайым көмекке зәру жандарға қол ұшын созуға асығатын адамгершілігі мол мейірімді жандардың еңбегін атап өткен жөн. Бұл шарапатты істері үшін Алла олардың отбасына береке бастарына амандық берсін. Мұндай көпшілікке шапағатымызды тигізуді Алла тағала баршамызға нәсіп етсін,- деді.

Бүгінде өңірдегі әрбір қала мен аудан орталықтарындағы мешіттерде «Біз біргеміз» акциясы одан әрі жалғасын табуда. Осы қайырымдылық шараларында, негізінен, күнделікті тұтынатын тағамдар таратылуда.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77