Ұлттық домбыра күніне арналған акцияның соңғы күні 310 домбырашы қатысуымен 7 күй орындайтын мерекелік бағдарлама өтті, олар халық күйі «Жастар биі», «Тепең көк», «Салкүрең, Н. Тілендиев «Әлқисса», Б. Әбенов «Желдірме», Құрманғазы «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаев «Ерке сылқым». Мерекелік бағдарламаны Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының әртістері жалғастырды
Айта кету керек, салтанатты іс – шара ресми мереке күніне дейін шілденің бірінші жексенбісінде басталды. Ұлттық аспапқа арналған концерттер бұған дейін облыстың аудандары мен қалаларында өткен болатын және соңғы орын Тәуелсіздіктің 25 жылдығының Қостанай жағалауы болды. Мұнда концерттен бір сағат бұрын көрермендер музыканттардың жанды дауыста өнер көрсетуін тамашалап, көркем және қолданбалы шығармашылықтың көрмесін аралады. Ұлттық домбыра күнімен құттықтау сөзі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілі — Аймағамбет қажы атындағы облыстық мешіттің бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбетке берілді.
– Құрметті жиналған қауым салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз әрдайым даму үстінде болсын. Еліміз үшін тарихы тереңде жатқан домбыра күні. Кезінде үлкен сұлтандарға, хандарға осы домбыраның үнімен қаншама ақындар халықтың үнің, мұңын жеткізіп отырған, – дейді бас имам.
Концерт “Өрнек” биін орындаған “Зарянка” балалар би театрының қойылымынан басталды. Кейін қазақ халық оркестрі. Н. Молдахметова “Адай” күйін орындады. Кішкентай балалардан бастап зейнеткерлерге дейінгі тамашалаған концерттік бағдарламаға келген қауымның қарасы көп болды.
– Біз бұл шараға 2.5 айдан астам уақыт дайындалдық. Ұлттық домбыра күні рухани жаңғыру бағытын, сондай-ақ дәстүрлеріміздің терең мәнін білдіреді. Домбыра дыбыстарында біз тарихымыздың бастауларын және ұлы даланың ғасырлар бойғы шежіресін естиміз. Дәстүр бойынша Ұлттық домбыра күні кәсіби және жас домбырашылардың қатысуыме флешмобтар мен концерттермен атап өтіледі, олардың барысында белгілі қазақ күйлері орындалады, – дейді “Мирас” мәдениет үйінің директоры Зухра Иманова.
Айта кету керек облыс бойынша флешмобқа 4000-нан астам домбырашы қатысты. Соның ішінде 87 басқа ұл өкілдері де бар. Сондай өнерпаздардың бірі Лилия Корда. Мәдениет министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен марапатталды.
– Кәсіби түрде домбырамен айналысып жатқаныма үш жылдан асты. Маған күйлерді жаттау жеңіл, басқа оқушыларға қиындық тудырса, мен оны тез жаттап аламын. Алғашында үйірмеге барып көруді таныстарым ұсынған еді, оларды тыңдап бардым, бірден ұнады. Өзімді еркін сезіне аламын. Іс-шарада күтпеген жерден алғыс хат алдым. Әрине, өте қуаныштымын, – дейді жас домбырашы.
Ауа-райына қарамастан келген қауым концерттің соңына дейін тамашалады. Көрермендер әдеттегіден көп жиналды. Добмыраның үнің тыңдап, барлығы өздерінің ұялы телефондарына жазып отырды.
– Бұл концерт туралы әлеуметтік желіден көріп қалдым. Отбасымызбен келіп тамашаладық. Көбінесе іс-шаралар жайында өткеннен кейін бірақ білеміз. Ал осы жолы алдын ала көріп қалғаныма қуандым. Адам көп келеді деп те ойламадым, жарты сағатқа ерте келсек те, отыратын орын болмады, – дейді көрермендердің бірі Айзере.
Ұлттың рухы мен даңқын көтере отырып, домбыра баға жетпес байлығымыз және ұлттық нышанымызға айналды. Домбыраны танымал ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайық.
Аяжан СЕРІК, суреттерді түсірген Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77